Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет6/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аралық иелерi: Planorbidae тұқымдасындағы тұшы су ұлуларының түрлерi – катушкалар, Planorbis planorbis, Gyraulus filiarus, Segmentiija nitada және тағы басқалары.

4 сүрет. Paramphistomum cervi

Қоздырушының биологиясы: Paramphistomatata подотрядының барлық түрлерiнiң даму циклы бiрдей. Мысалы: L. scotra жұмыртқалары жануардың нәжiсiмен бiрге сыртқы ортаға шығып, одан мирацидий шығады.

Соңғылардың даму мерзiмi қоршаған орта температурасына байланысты. 19-27 Со-та мирацидийлер 12-13 күннен кейiн шығады да, суда жүзудi бастайды. Содан кейiн ұлудың денесiне енiп, онда 9-12 редияға шейiн дамиды, одан редиялар мен церкариялар қалыптасады. Церкарийлер 1,5-3 айдан кейiн ұлулардан шығады және судағы өсiмдiктерге жабысып адолескарийге айналады.



Соңғы иелер жайылымда жүрiп су iшкенде адолескарийлердi жұту арқылы зақымданады. Жас лиорхистар iшектiң қалыңдығына енiп, онда дамудың ұлпалық кезеңiн өтедi және iшек-қарын жолы арқылы мес қарынға ретроградты жолмен орын алмастырады. Iрi қара мал мен қойда лиорхистардың толық жынысты сатыға дейiнгi өсу мен дамуының жалпы мерзiмi 3,5-4 ай.

Эпизоотологиялық деректер: жануар жайылым мерзiм iшiнде зақымданады. Инвазияланған ұлулар қыстайды және ең негiзгi зақымданудың қайнар көзi су қоймалар болып табылады. Адолескарийлер төзiмсiз және биотоптар кепкенде өледi. Көбiнесе жітi парамфистоматоздың шығуы 1 айдан кейiн бузауларды жайылымға шығарған соң байқалады. Ересек трематодалар жануарларда бiрнеше жыл тіршiлiк етедi және мес қарында жылдың әр мезгiлiнде кездеседi. Жайылымда жабайы күйiстiлер де зақымдануы мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет