Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет9/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аралық иелері – ұлулар, қосымша жәндіктер (шегірткелер).

Даму циклі – нәжіспен шыққан эуритрематоз жұмыртқаларын аралық ие жұтады. Олардың ішегінде мирацидий шығып, ұлулар бауырына еніп, аналық спорацистаға дамиды. Бір айдан соң оның ішінде дочерный спорацистаға дамиды, бір жылдан соң церкарийға дамып, ұлудан топыраққа және шөпке шығады. Алғашқыда церкарийді әр түрлі шегірткелер жұтады, екі ай өткесін олардан метацеркарийға айналады. Дефенитивті иелер инвазиялық шегірткелерді .

9 сүрет. Eurytrema pancreaticum шөппен жеп эуритрема паразитімен зақымдалады. 2-3 айдан соң олардан толық жынысты сатысы дамиды

Эпизоотологиялық деректер: Орталық Азияда, Крымда, Таяу Шығыста және Қазақстанда тіркелген. Ұлудан шыққан спороциста қабырғалары жуан, сол себепті ішіндегі церкарий сыртқы ауа құбылыстарынан қорғайды. Ішкі қабығы жақсы дамыған. Неорганикалық тұздың қаныққан ерітіндісінде өлмейді. Төлдердің және ересек қойлардың зақымдалуы көктемде және жазда көтеріледі. Жануардың жасына байланысты инвазия интенсивтілігі көтеріледі.

Дефенитивті ие организмінде эуритрема паразитінің өмір сүру мерзімі бір жылдан аспайды.



Патогенез: ұйқы без өзегінің ішінде тіршілік етіп, эуритремалар оларды бұзады, кенейтеді, кейде бекітеді, сондықтан бездің кей жерлерінде атрофия білінеді.

Ауру белгілері: интенсивті инвазия кезінде малдар ариды. Оларда созылмалы диарея және бас, мойын, кеуде аумақтарында ісіктер білінеді. Кахексия кезінде өлім болуы мүмкін.

Патологоанатомиялық өзгерiстер: ұйқы безі үлкейген, қызыл түсті, консистенциясы былжыраған іші көп санды трематодаларға толған.

Диагноз: тірі кезінде овоскопия арқылы, ол үшін Дарлинг және кезендік шаю әдісін қолданады. Эуритрема жұмыртқалары қара - қоңыр түсті, ұзындығы 0,044-0,48 мм. Бір шетінде қақпағы болады, ал екінші шеті тығынды болады. Эуритрема жұмыртқаларын дикроцеллиоз жұмыртқасынан ажырату керек.

Сойып ашып қарағанда ұйқы безінде мінезді өзгерістер және көп гельминттерді көруге болады.



Емі және алдын алу шаралары: зерттелмеген.

Лабораторлық сабақ 12

Тақырып: Құстың эхиностоматидозы

Сабақтын мақсаты: Эхиностоматидоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

Қурал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл препараттар

Эхиностаматидоз – үйрек, қаз, сирек тауық, күрке тауық, көгершін және тағы басқа суда жүзетін құстардың ауруы. Трематода Echinostomatidae тұқымдасы, Echinostoma, Echinoparyhium және Hypoderaeum туыстығы. Эхиностоматида аш ішектін артқы жағында және тоқ ішекте тіршілік етеді.

Қоздырушысы – кен таралған Echinostoma revolutum толық жынысты гельминттер ұзындығы 7-12 мм, ені 2 мм- ге дейін. Адоральді дискте 35-37 тікенек болады. Жұмыртқа сопақша келген 0,1-0,13 0,05-0,07 мм, бір жағында қақпағы бар, түсі ақшыл – сарғылт, қоңырға дейін.

Echinoparyhium reсurvatum. Трематода денесінің ұзындығы 2,0-5,0 мм, максимальді ені 0,85 мм. Адоральді дисктің екі қатарында 45 тікенек орналасқан. Жұмыртқа сопақша келген 0,09-0,1; 0,05-0,06 мм, бозғылт-сары түсті. Жұмыртқаның доғал жағында қақпағы бар, ал қарама - қарсы жағында төмпешік.

Hypoderaeum conoideum ұзындығы 8-11 мм, ені 1,6 мм- ге дейін. Адоральді диск нашар дамыған, онда 47-53 ұсақ екі қатарлы тікенек бар. Жұмыртқа сопақша келген 0,1 - 0,06 мм.

Аралық иелері – тұшы су моллюскасы Lymnaea, Radix, Galba туыстығы, қосымша иелер – сол тұшы су моллюскаларымен қатар көл бақалар.

Даму циклі: аралық және қосымша иелердің байланысы арқылы барлық эхиностоматида дамуы бірдей болады. Паразиттер жұмыртқаларың сыртқы ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, келешекте олар тек қана суда дамиды. Жұмыртқалардан мирацидий шығады, ол моллюскаға белсенді еніп, спороцистаға айналады. Әр бір спороцистадан бірнеше редия пайда болады, ал соңғысынан церкарий шығады. Аралық иеде 2-3 ай дамуы жалғасады. Моллюскадан шығар кезде қалыптасқан церкарий қосымша иеге енеді. Онда инцистирленіп, шамамен 15 күн ішінде метацеркарийға айналады. Құстар эхиностомадида метацеркариімен инвазияланған моллюскаларды, ірі көл бақа немесе көл бақа баласын жегенде зақымдалады. Құстардың денесінде 13-15 күн ішінде толық жынысты трематодаға айналады. Барлық даму циклі 4-5 айда аяқталады.

Эпизоотологиялық деректер: құстар ерте көктемнен күздің соңына дейін зақымдалады. Көбіне үйрек және қаз 3-4 айлық балапандарда өлім байқалады. Инвазияны үй және жабайы суда жүзетін құстар таратады. Одан басқа су қоймаларда қыстап шыққан аралық және қосымша иелер арқылы сақталады.

Патогенез және ауру белгілері: инвазия интенсивтілігіне байланысты, әсіресе жиі балапандар аурады. Оларда тәбеті жоғалады, іші өтеді және жалпы әлсіреу байқалады. Өсуі және дамуы баяулайды. Ірі құстар жұмыртқалауы төмендейді. Кахексия кезінде өлім болуы мүмкін.

Патологоанатомиялық өзгерiстер: шектін кілегей қабығы ісінген, саңылауда қою сұйықтық, кейде қан аралас. Аш және тоқ ішек геморрагиялық қабынған, онда көптеген трематода табылады.

Диагнозы гельминтоовоскопиялық кезендік шаю әдісімен және өлексені зерттеу арқылы қояды. Өлексені сойғанда көп мөлшерде трематода байқалады. Эхиностома және гиподерлар жақсы көрінеді, ал эхинопарифийлар кішкентай болғандықтан оны табу қиын. Ол үшін ішек кілегейінен жұғынды алып, оны лупамен қарайды.

10 сүрет. А – Echinostoma revolutum ;Б – Hypoderaeum conoideum

1 – басшақ шеті ; 2 – ішкі құрылысы; 3 – жұмыртқа.



Емі: келесі антигельминтиктар қолданылады: феносал, мөлшері 0,6 г/кг, азыққа топтық әдіспен береді; төртхлорлы көміртек, мөлшері 2-4 мл бір басқа.

Алдын алу және күресу шаралары: балапандарды игілікті су қоймаларда жеке өсіру керек. Ал игіліксіз шарушылықтарда құстарға дегельминтизация жасап, болашақта игілікті су қоймаларға көшіру. Ауру құстар мекендеген су қоймаларды екі жыл өтісімен қолдануға болады.

Лабораторлық сабақ 13
Тақырып: Құс нотокотилидозы

Сабақ манызы: Нотокотилидоз қоздырушылары құрылысын зерттеу

Құрал-жабдықтар: плакаттар
Нотокотилидоздар – қаздардың, үйректердің және кейбір кезде тауықтардың да трематодозды аурулары, Notocotylidae тұқымдасына жататың трематодалардың бірнеше түрлерімен шақыруланады. Жиі Notocotylus attenuatus және Catatropis verrucosa түрлері кездеседі. Олар жінішке ішекте және соқыр сабағында тіршілік етеді. Ауру арығумен, өнімділігі төмендеумен білінеді.

Қоздырушылар. N. аttenuatus толық жыныс сатысы 2,4-4,3 мм дейін жетеді. Нотокотилида паразиттерінің айырмашылық ерекшілігі болады – қүрсақ қуысының жоқтығы. Аналық және аталық жыныс тесіктері ішек бөлінетің деңгеінде ашылады. Ендер сопақтау, шеттері жылтыр, дененің артқы бөлігінде орналасады. Дененің вентральдіқ бетінде тері бездерінің 3 қатары орналасады, бүйір қатарында 10-15 дей, ортаңғыда – 9-13.

C. verrucosa-ның дене ұзындығы 5 мм, еңдер де дененің артқы бөлігінде жатады. Қүрсақ бетінде 2 қатар емізікшелер орналасады, әрбіреүнде 8-12. Қүрсақ емізікшелері тері бездерінің бөлу протоктарымен ашылады. Трематода жұмыртқалары сопақ, қара түсті, 2 үзын филаменті болады. Олардың мөлшері (филаментсіз) 0,018х0,02 мм.

Аралық иелер - тұшы судағы ұлулар.

Даму циклі. Инвазияның негізгі көзі – үйдегі және жабайы зақымдалған күстар. Ауру құстар ішінде мирацидий личинкасы бар жұмыртқаларды саңғырықпен бөледі, оларды моллюскалар жұтады. Ішекте спороциста құрылады, содан кейін бауырға еніп редияға айналады, ал олар – церкарийға. Соңғылар моллюск денесінен шығады. Моллюскте даму 60-80 күн өтеді. Су қоймасында церкарийлар бекітіліп, күйрығын жоғалтып адолескарийға дамиды. Құстар су немесе шоп арқылы адолескарийлерді жұтып зақымдалады. Құстардың ішегінде нотокотилустар 15-18 тәүлік ішінде, ал кататропистар – 20-30 күн ішінде дамиды. Құстардың организмінде омір сүруі 2 ай шамасында.

Эпизоотологиялық деректер. Ауру барлық жерде таралған. Жиі қаздар және үйректер аурады, олар су қоймасында зақымдалады. Су қоймаларың жабайы суда жүзетің құстар зақымдайды. Адолескарийлар су қоймалырында қыстап шығып көктемде құстарды зақымдайды.

Балапандар ересек құстармен үстаған кезде зақымдалады.



Патогенез және ауру белгілері инвазияның интенсивтігіне байланысты. Нотокотилүстар ішекте мекендеп жабысқан жер манайында қабыну процестерде шақырады. Ауру құстардың тәбеті томендейді, олар әлсізденеді. Балапандар өсу-өнуден қалады, ересек құстардың жұмыртқа өнімділігі төмендейді. Зақымдалудың интенсивтік кезінде жиі өлім байқалады, әсіресе құстардың балапандарының арасында.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Өлекселер арыған, бөзғылт. Негізгі озгерістер тік ішегінде және соқыр сабағында көрінеді. Олардың кілегей қабықтарында катаральді немесе геморрагиялық қабыну білінеді.

Диагнозды тірі кезінде нәжісті жүйелі жуу әдісімен және центрифугаланганнан кейін тұнбада жұмыртқаларды табып қояды, өлгеннен кейін ішекте қоздырушыларды молшері кішкентайынан табуға кийін болады, сондықтан жұғынды жасайды және лупа немесе микроскоп арқылы қарайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет