«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет59/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Микроскоппен қарын сөлін зерттеу. Микроскоппен зерттеу үшін малдың қарын сөлін алдымен таңертеңгі аш қарын кезінде немесе арнайы тітіркендіргіш беру арқылы және зондпайдаланып жүзеге асырады. Ол үшін қарын сөлі шөгіндісін немесе тұнбасының бір тамшысын арнайы төсеніш шыныға тамызып, оның үстін жапқыш шынымен жауып, микроскоптың орташа көрсеткішімен қарап зерттейміз. Қарын сөлі тұнбасы кұрамындағы заттарды анық көру үшін оған арнайы Люголь ерітіндісін қосамыз. Соның әсерінен кұрамындағы клеткаларды ажыратуға болады.
Сол себептен жоғарыда айтылған ыдыстан жапқыш шыныны алып, Люголь ерітіндісін қосқан соң қайтадан жапқыш шыны жауып, микроскоппен қараймыз. Сонымен қатар көк метилен ерітіндісін де қосу арқылы зерттеуге болады. Микроскоппен зерттеу арқылы қарын сөлінде әртүрлі торшалардың қаншалықты болатынын анықтайды, сондықтан оның клиникалық маңызы зор, өйткені сөл құрамынан эритроциттер, лейкоциттер түрлерін, сарцин, ашытқыш саңырауқұлақтар,әртүрлі микробтарды гельминтерді көруге болады. Негізінен сау малдың қарын сөлі тұнбасында азғана әртүрлі торшалар кездеседі, ал қарынның кілегей қабығы қабынған уақытта осы айтылған торшалар шектен тыс көбейіп кетеді.
Қарын сөлінде болатын лейкоциттер санын анықтау. Лейкоциттерді анықтау төмендегідей тәсілмен анықталады. Ол үшін шеткамен 6 мл қарын сөлін аламыз да, оны арнайы екі белгісі бар пробиркаға құямыз, ондағы мақсат қарын солі тұнбасын алу үшін 15 минут центрифугаға айналдырады, сонан соң қоспа бетіндегі сұйықты сорып алады, бірақ пробиркада 1 мл тұнба қалуы керек. Оны меланжерге ауыстырамыз. Сол мақсатпен меланжердің 0,5 деген белгісіне дейін қоспаны алып, оған сол меланжердің II деген белгісіне дейін 1 % ас тұзын құямыз да, мұқият араластырамыз. Сонан соң меланжерден қоспаның 1-2 тамшысын алып тастап, қалған 3-4 тамшысын Горяевтың арнайы камерасына енгізіп және осыдан лейкоциттерді санайды.
Тексеруді тезірек атқару үшін центрифугалық пробиркаға әрқайсысы 3 мл бірнеше қарын сөлін алып, оны микроскоптыңорташа үлкейткішімен 100 үлкен төрт бұрыштағы квадраттарды ; санайды. Табылғанын 50 коэффициентіне көбейткенде, 1 мкл қарын сөлі тұнбасында қанша лейкоциттер бар екені анықталады.
Қарын кілегей қабығы қабынғанда лейкоциттер саны сау малмен салыстырмалы түрде қарағанда 10-15 рет көбейіп кетеді, өйткені ол кезде қарын сөлінің лейкопедезасы күшейеді, ал ол қарын кілегей қабығының қабынғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет