«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет67/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Химиялық зерттеу. Химиялық зерттеу ішіндегі маңыздысы:

Нәжістің реакциясын анықтау. Нәжістің қышкылдығын не сілтілігін анықтау үшін арнайы лакмус қағазын немесе индикаторды пайдаланады. Ол осы көрсеткіш қағазды нәжіске тигізіп, сонан соң сол кағаздың өзгеруіне қарап анықтайды, егерде көрсеткіш көк индикатор (көк) - қызыл түске боялса - қышқылды реакция, ал қызыл индикатор көкке боялса-сілтілі реакция болып есептелінеді. Егер екі индикатордың түстері өзгермесе онда-нейтральды (бейтарап) реакция деп аталады.
Индикатор көрсеткіш қағазы түсінің жан-жақты өзгеруі арқылы сол көрсеткіштің түрлі-түсті шкалаларын салыстыра отырып, оның рН сандық белгісін анықтауға болады.
Негізінде нәжіс реакциясын анық және толық, дұрыс білу үшін арнайы аспап-рН-метр пайдаланылады. Сол мақсатта нәжісті әуелі 1:10 қатынасындай сумен араластырады.
Шөп қоректі сау мал нәжісінің реакциясы-нейтралды немесе аздап қышқылды, ал ет қоректілер реакциясы-нейтралды немесе сілтілі болады. Негізінен көбінесе ішектегі микрофлораның өтекүшті ашыған мерзімінде нәжіс реакциясы қышқыл келеді, бұл оның құрамындағы көмір қышқылы мен органикалық қышқылдар әсерінен болады. Шірікті микрофлораның белсенділігі күшейген мерзімінде аммиак пайда болады, соның нәтижесінде нәжіс-сілтілі реакцияға айналады. Нәжіс реакциясын және рН анықтаумен қатар нәжістегі органикалық қышқылдар мен аммиак және олардың сан-сапасын анықтаудың диагностикалық маңызы зор (Гуаффон және Ру әдісі).
Ішектерде ашу процесі күшейгенде нәжісте органикалық қышқылдардың саны көбейеді, ал шірігенде азаяды. Аммиактың нәжісте шектен тыс көбеюі ішекте белоктың шіру процесі үлғайған кезінде байқалғанын көрсетеді, ал оның аз болуы шіру процесінің төмендегенін байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет