«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет68/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Нәжістегі қанды және билирубинді анықтау.Мұндай зерттеулердің маңызы зор,нәжісте қан пайда болса оны макромикроскопиялық зерттеулер арқылы анықтайды.Сондықтан нәжістегі қан мен билирубинді төмендегідей сынақтар арқылы анықтайды,
1.Бензидин сынамасы. Төсенгіш шыныға қалындап нәжісжағады,оған 2-3 тамшы жаңадан дайындалған Бензидин ертіндісін(азғана Бензидин реактивіне 5 мл сірке қышқылын қосу арқылыпрепарат дайындалады) және сондай мөлшерде 3 % сутек асқынтотығын араластырамыз. Егер қанда оң жағымды реакция болатынболса,2 мин ішінде көк-жасыл түске боялады 2 минуттан кейінгі сынама қанның 0,2 % екендігін анықтай алады.
2.Шлезингер сынамасы-(стеркобилинге сірке қышқылды цинкпен сынама жасау). Нәжіс түйірін сумен араластырып,оғансондай мөлшерде Шлезингер реактивін (10 г сірке қышқылды цинк,90 мл 96 спиртте ерітілген) және бірнеше тамшы Люголь ертіндісінқосамыз. Сонан соң ертіндіні сүзгіден өткізіп, сүзгіні карағандажасыл түсті флюросенция береді.
Фуше сынағы (нәжістегі билирубинді анықтау). Нәжіс түйірін сумен араластыра отырып (1/20), оған Фуше реактивін тамшылатып (25 г үшхлорлы сірке қышқылы + 100 мл дистильденген НгО+10 мл 10 % хлорлы темір ертіндісі) қосамыз. Егер нәжісте билирубин пайда болатын болса, ертінді жасыл, не көк түске боялады.
Негізінен билирубин жасжаңа туған малдың алғашқы күндеріндегі нәжістерінде кездесуі мүмкін,ал ересек және сақа малда тек қана ауруға шалдыққан кезінде байқалады, ішектердіңкілегей қабықтарының қабынуы және бұзылу ауруларындакездеседі.
Нәжістегі белокты экссудацияны анықтау реакциясы (Вишняков, Трибуле сынағы). Ол үшін нәжістің 3 % эмульсиясын дайындайды (3 г нәжіс + 100 мл НгО). Үш пробиркаға 15 мл эмульсия құямыз. Бірінші пробиркаға 2 мл сулема ертіндісін (7 гсулема + 100 мл дистильденген НгО немесе 20 % үшхлорлы сірке қышқылы); екінші пробиркаға - 2 мл 20 % сірке қышқылын; үшінші пробиркаға - 2 мл дистильденген НгО (бақылау сынағы) құямыз. Пробиркаларды қозғап араластыра отырып, бөлме температурасында 24 сағатқа дейін қалдырамыз, сонан соң тұнба үстіндегі сұйықтың жарықтану дәрежесін бақылау пробиркасындағы сұйықтықпен салыстырып анықтайды.
Есептеу және реакцияға баға беру төмендегідей: - толық жарықтану (+++++)- оң, дұрыс , өте жақсы реакция;- айтарлықгай жарықтану (+++) - жақсы, оң реакция; - айтарлықтай емес реакция (+) - реакция теріс, өте нашар
реакция.
Бірінші пробиркадағы жарықтану - сол сұйықта белоктың сары суы бар екендігін көрсетеді, ол ішектің кілегей қабығы қабынуын білдіреді.
Екінші пробиркадағы жарықтану - сұйықта шектен тыс шырын (муцин) пайда болуын көрсетеді.
Пробиркадағы сулема ерітіндісінің реакциясы арқылы стеркобилин мен билирубиннің бар-жоқтығын білуге болады. Егер стеркобилин - қызғылт түске боялса, онда билирубин жасыл түске боялады. Сонымен қатар сірке қышқыл ерітіндісін пайдалана отырып, билирубинді анықтауға болады, ол кезде сұйық жасыл түске боялады. Стеркобилин мен билирубиннің нәжісте болуына 5 балдық қосу бірлік арқылы баға беріледі. Егерде бірен-саран нежістің кішкентай бөлшегі жасыл түске боялса, бұл кезде ең төмен балл қойылады, яғни минимальды (+), ал егер нәжіс түгел жасыл түске боялса, оңда ең жоғарғы балл қойылады, яғни максимальды (+++++), сонымен қатар ешқандай боялмайтын болса, оңда (-) белгісімен (минус) белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет