«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет66/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Нәжісті микроскоп арқылы зерттеу. Микроскоппен зерттеу үшін арнайы әдістермен алдын-ала керекті құрал-жабдықтар дайындалады.
Препараттарды дайындау әдісі. Бірінші препаратты
темендегідей дайындайды. Ол үшін төсеніш шыныға 1-2 тамшы су
және оған кішкентай нәжіс түйірін қосып, жақсылап шыны таяқшамен араластырады да, оның үстін жапқыш шынымен жабады. Сонан соң микроскоптың әуелі кіші, онан соң орташа үлкейту көрсеткіші арқылы қарайды, кейде үлкен керсеткішін де пайдаланады. Осы препарат арқылы нәжістегі өсімдік клетчаткаларын, бұлшық ет талшықтарын, бейтарап майларды, май қышқылдарын, сабындарды, лейкоциттерді, эритроциттерді,
эпителийін, шырышты, кристалдарды, гельминтердің жұмыртқаларын,
қарапайымдыларды анықтайды.
Екінші препаратты дайындау да біріншідегідей, ерекшелігі су орнына Люголь ерітіндісін пайдаланады. Мұндай препаратта крахмалды, әр түрлі микробтарды, тек микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ жәндік не өсімдік тектес организмдерді байқауға болады.
Үшінші препаратты белгілі бір сұйық эмульсия дайындау үшін нәжістің бір түйірін заттық әйнекшенің үстінде қаныққан зат Сатгофа ерітіндісімен араластырады (10 мл спирт, 90 мл мұзды сірке қышқылы және судан III реактивін ашық қызыл түске боялғанша қосады). Бұл препарат негізінен майлар мен оның өнімдерінің ыдырауын анықтауға мәжбүр етеді. Май түрлерін ажырату үшін арнайы ерітінді Гехта реактивін пайдаланады.
Төртінші препаратты көзге көрінетін, араласқан қоспалардан жасайды (кілегейлі шырыш, жұқа қабықтар).
Нәжіс құрамыңда болатын ерекше заттар. Бірінші препаратты қарамастан бұрын, әуелі нәжістің кішкентай түйірін екі заттық шыны ортасына салып қарап алу керек, өйткені осы препарат арқылы қалып қойған азық мөлшерін, оның неден тұратынын және азық қорыту ағзаларының қызметін, сонымен қатар ұлпалардың ыдырауын және детритті анықтауға болады
Детрит дегеніміз - аморфтық майдан тұратын және азықтық заттан ыдырап құралған нәрсе (эпителий торшалары, лейкоциттер және т.б.). Осы арқылы нәжісте болатын шырышты, әр түрлі элементтерді, эпителиальды торшаларды және т.б. анықтауға
болады. Өсімдік клетчаткасы және крахмал есімдік тектес азықтардың қалдығына жатады. Екі түрлі клетчатка болады - қорытылмайтын және қорытылатын.
Қорытылмайтын клетчатканы микроскоп арқылы тез ажыратуға және анықтауға болады, өйткені оның кескінін, келбетін және орналасу көрінісін, торшалардың жуан қабыршақтарын білу жеңіл.
Қорытылатын клетчатка көптеген торшалардан тұрады да, оның құрылысы және қабыршақтары өте нәзік, сондықтан қорытылып болғаннан кейін торшалардың тек аз ғана кескін-келбеті қалады.
Негізі сау малдың нәжісінде жоғарғыда айтылған торшалар болмайды, егер болса бірен-саран кездесуі ықтимал, ал егер нәжісте торшалар шектен тыс көбейіп кетсе, онда азық қорыту жүйесінің бұзылғаны деп есептелінеді.
Крахмалды анықтау үшін арнайы Люголь ерітіндісі деп аталатын препарат қолданылады. Осы препарат әсерінен торша қызыл түске боялады. Өйткені крахмал торшалар ортасында, ішінде немесе сыртқы бетінде әр түрлі дәндер сияқты болып жатуы мүмкін.
Азық қорыту процесі дұрыс жұмыс атқарғанда крахмал болмайды, ал болса асқазанның бұзылуын көрсетеді, мұндай құбылыс аш ішек және ұйқы безі аурулары кезінде байқалады.
Бұлшық ет талшыктары және дәнекер ұлпалар қалдықтарының нәжісте болуы тек қана ет қоректілерге тән. Сондықтан оның нәжісте шектен тыс болуы, олардың асқазанында азық қорыту процесінің дұрыс емес екендігін, яғни бұзылғандығын көрсетеді.
Нәжісте әр түрлі бейтарап май, май қышқылдары және сабын (май қышқылдарының тұздары) кездеседі.
Майдың нәжісте болуын анықтау төмендегідей әдістермен зерттеледі: аз ғана нәжіс түйірін алып, оны төсеніш шыныға салып, оған Сатгоф реактивін қосып араластырған соң, оның үстін жапқыш шынымен жауып, бейтарап майлардың бар-жоқтығын анықтайды, ол кезде айтылған препараттан қызғылт-сары және қызыл түсті тамшыларды байқауға болады. Осыдан соң осы препаратты қайнағанша қыздырамыз да, үстінде орналасқан жапқыш шыныны пинцетпен аламыз, қайтадан балқыған тамшыларды жинап, оның үстін жапқыш шынымен жауып микроскоппен зертейміз.
Жылы препаратта қызылға боялған май тамшылары жақсы көрінеді. Сапалық баға беру микроскоптың кіші үлкейткіш көрсеткіші арқылы жүргізіліп, 5 (бес) балдық жүйемен есептеледі, яғни (+++++) 5 қосу белгімен белгіленеді. Май тамшылары санын анықтау арқылы, оның барлық элементтеріне сипаттама беруге болады, ал олардың түрлері және пішіні әр түрлі болып келеді, бірақ оның түрлері немесе суық-салқынына байланысты болмайды.
Май қышқылы кристалдары пішіні жіңішке инелерге ұқсас келеді де, бір жерге 2-3-4 болып, кейбір уақыттарда онан көп болып шоғырланып жатады.
Май қышқыл тұздары кристалдарының пішіні үш бұрышты және қысқа сарғыш-қоңыр түсті болып келеді де, осы аталған ерітіндіні әбден қыздырмайынша судан III реактивімен боялмайды.
Негізгі майлар түрлерін анықтап ажырату және осы айтылған препаратты бояу үшін арнайы Гехта реактиві пайдаланылады, соның әсерінен бейтарап майлар және май қышқылдары қоңыр-қызыл түске боялады да, ал май тұздары жасыл-көк түске боялады.
Май элементтеріне (бейтарап май қышқылы және май тұздары) сандық баға беру үшін қосу белгісі (+) бірлігімен 1 саналады, яғни жалпы майлар саны, қосындысы мөлшерін білдіреді.
Ленинград малдәрігерлік институты "Клиникалық диагностика" кафедрасының мәліметі бойынша 2-10 күндік сау бұзаудың май элементтері жылы препаратта (реактиві Саатгоф), шамамен май тамшылары бірлігімен, 10-ға дейін шалынатыны, соның ішінде бейтарап майлар көзге көрінбейді, көрінсе тек қана бірен-саран байқалады, ал май қышқылдары мен тұздары орташа мөлшерде кездеседі (А.М.Смирнов, И.В.Никитина).
10 күндік сау торайларда май элементтері жылы препаратта (Саатгоф реактиві) микроскоппен қарағанда шамамен 1-2-4 тамшы көзге шалынады, соның ішіндегі бейтарап майлар жалпы кездеспейді, егер болса, аз ғана кездесуі мүмкін (В.П.Лаухин).
Ересек бұзау мен торайларда май элементтері саны өте аз. Ал осы аталған малдың ішек-қарын аурулары кезінде-іш өту, ішек кілегей қабықтарының қабынуы, жиналуы және бұзылуы уақыттарында май элементтері саны шектен тыс көбейіп кетеді. Сақа малда май элементтері көрсеткіштері көп зерттелмеген, сондықтан мәліметтері жоқ.
Микроскоп арқылы ішек қабырғалары бөлетін элементтерді, соның ішінде, ішек шырышын, эритроциттерді, лейкоциттерді, эпителиальды торшаларды және т.б. анықтауға болады. Ол макроскопиялық әдіспен анықталады, сол мақсаттаСІ ерітіндісіндайындайды.
Препаратта шектен тыс шырыштың көп болуы ішек кілегей қабығы қабынуы процесінің белгісін көрсетеді. Сонымен қатар,ішек торшалары эпителийі байқалса, ол да ішек ауруларының бір белгісі болып келеді.
Шырышта лейкоциттердің көп болуы ішектің қабыну процесін көрсетеді, ал бірен-саран кездесуі бірқалыпты нәжісте болады. Эритроциттер бірқалыпты нәжісте кездеспейді, тек қана ішек қабынғанда, ішектің ойық жарасында және ішектен кан кеткенде пайда болады.
Шырышта ұлпа қалдығының болуы ішектің дифтериялық және крупозды қабынуына, ішектің созылмалы айналуына, т.б. ауруларға шалдыққанын көрсетеді.
Триппельфосфат кристалы ішектің шіру процесінің күшеюі кезінде кездеседі. Шавельді сірке қышқылында Са асқазанда қарын сөлі төмендеуі кезіңде байқалады.
Билирубин кристалдары ромбы және ине тәріздес немесе дән пішініне ұқсас, қызғылт-сары болады, негізінен жаңа туған сау малдарда кездеседі, яғни алғашқы күндерінде, ал ересек сау малда химус пен нәжістің ішектен тез өтуі кезіңде байқалады.
Гематоидин кристалдары нәжісте қан кету кезінде болады да, пішіні ине немесе ромб тәріздес, түсі қоңыр-қызыл келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет