«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет65/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Макроскопиялық зерттеу. Нәжісті макроскопиялық зерттеу үшін, әуелі күніне қанша нәжіс болуін, әр нәжіс белгендегі мөлшерін, консистенциясын, пішінін, түсін, иісін, әр түрлі қоспасын зерттеп анықтайды.
Нәжістің мөлшері. Бір тәулікте және бір рет нәжіс бөлгенде 1 нәжіс мөлшері көбінесе оның азық қорыту жүйесіне, қабылдаған азық құрамы мен мөлшеріне байланысты. Өйткені ішектің сіңіру процесі нашарлағанда,қабынғанда және зақымданғанда бөлінетін нәжіс мөлшері көбейеді, ал іш қату немесе іш жүрмеу кезінде ішектерде сорылу процесі қалыпты жағдаймен салыстырғанда артуынан нәжіс мөлшері азаяды.
Консистенциясы (қою және сұйықтығы) және пішіні. Сақа ірі қара мал нәжісінің консистенциясы сұйық ботқаға ұқсас, ол жерге түсер кезде оның түрі толқынды шелпек сияқты болады. Ал жаңа туған бұзаулардың өркені шашыраңқы, қою, жабысқақ желімді болады, ал өсе келе, яғни 2-15 күндігінде басы бірікпеген, май тәрізді немесе сұйық ботқаға ұқсайды.
Ұсақ малда - қой мен ешкіде нәжіс пішіні сопақша, ал жаңа туған қозыларда алғашқы күндері-біркелкі қою қоспа, одан кейінгі күндері оның түрі сұйық ботқаға ұқсайды. Қозылардың 15-20 күндегі нәжісінің сыртқы пішіні, түрі жағынан сақа малдікіне ұқсас келеді.
Жылқы нәжісі қою, тығыз сәл қаттылау, пішіні ұзынша-сопақшалау болып келеді. Ал шошқалар мен иттердің нәжістері цилиндр пішініне ұқсас.
Нәжістің түр-түсі, пішіндері ауру малда өзгереді: қатты, тығыз немесе ботқа тәріздес, сұйықтау, сұйық, сулы, ішектерде ашу процесі күшейгенде көбіктеніп тұрады.
Нәжістің түсі. Сау малда нәжісінің түсі негізінен өт пигментіне және қабылдаған азық түріне байланысты. Шөп қоректі малдың жайылым уақытысындағы нәжісінің түсі-жасыл түсті, құнарсыз, ірі азықпен коректенгенде-сары қоңыр түсті болады.
Шошқа нәжісінің негізгі түсі-балшыққа ұқсас сарғылт, ал көк шөп бергеннен кейін оның түсі өзгеріп, қоңыр-жасыл түске айналады. Ет көректілерде ет қабылдағаннан кейін олардың нәжістерінің түсі-қара-қоңыр түсті. Төлдердің туғаннан кейінгі алғашқы күндеріндегі нәжісі құрамындағы билирубин болуына байланысты жасыл-сарғыш, ал кейінгі күндерінде оның құрамындағы стеркобилинге байланысты қара, сары, бұдан кейінгі кезенде нәжіс түсі күнделікті қабылдаған азыққа байланысты өзгереді.
Бауыр мен өт жолдары қызметінің нашарлауына және бұзылуына, патологиялық өзгеріске ұшырауына байланысты нәжістің түсі де өзгереді.
Ішектің жиырылу қасиеті жиілеген кезде, антибиотик пен т.б. заттарды қабылдау арқылы ішекте болатын микрофлоралар тіршілігінің тежелуіне, билирубиннің қайта қалыпқа келуіне байланысты нәжістерінің түсі сары алтын түске өзгереді, ол негізінен жаңа туған төлдерде байқалады. Кейде артқы ішек бөлімдерінде қансырау пайда болып, нәжістің түсі қызыл-қошқыл түске өзгереді, ал алдыңғы ішек бөлімдерінде қан кетсе, онда нәжіс түсі-қара-қоңыр түсті болады. Мұндай қан кетуді немесе қансырауды, тек химиялық жолмен зерттеу арқылы анықтауға болады. Ішек өте қатты қабынғанда, оның түсі-топырақ тәріздес болады.
Нәжіс иісі. Шөп қоректі мал нәжісінің иісі-ащылау: шошқа, ит, мысық және басқа да ет қоректілердің нәжісі сасық иісті.
Ішекте шіру процесі кезінде нәжіс иісі өте шірік иісті, ал ашу процесінде-өте ащы иіс шығады. Алғашқы процесс диспепсия-асқазанның бұзылуы, ішектің қабынуы, әр түрлі ісік аурулары кезінде, ал соңғы процесс әр түрлі ішек-қарын ауруларында байқалады.
Барлық сау малдарда қорытылмай қалған азық қалдыктарын байқауға болады. Мысалы дәннің, сулының, жүгерінің аз мөлшерде кездесуі патологиялық өзгеріс деп есептеледі.
Нәжіс қоспасы. Кейде нәжіс құрамынан топырақты, тасты, әр түрлі темір-терсектерді, қанды, ірінді, көпірген газдарды, ішек құрттарын және т.б. әр түрлі қоспаларды анықтауға болады.
Нәжіс құрамында барлық уақытта кілегейлі шырыш бөлінеді. Бірқалыпты жағдайда ол аз мөлшерде кездеседі. Ал патологиялық өзгеріске ұшырағанда, яғни ішек қабынғанда кілегейлі шырыш шектен тыс көбейіп кетіп, соның әсерінен кесек тәрізді түрге айналады. Оның мөлшерін 5 балдық оң бірлікпен санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет