«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет76/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несеп түгіктерін зерттеу. Жылқы мен ірі қара малдың несеп түтігі тік ішек арқылы сипалау кезінде байқалмайды. Тек түтік қабырғасы бірден шуылдағанда ғана байқалады. Несеп түтіктері бұл кезде жуан, қатты жіп тәрізді болып (келіп) сезіледі, бүйректен басталып, қуық аузында бітеді. Несеп түтіктерінің жуандау себебі, асқынған қабыну құбылыстары болып келеді, пиелонефрит, цистит, несеп мүшелері туберкулезі кезінде несеп шығаратын жолдары тараған.
Қуықты зерттеу. Қуықты жалпы тәсілдер көмегімен зерттейді. Қарау, перкуссиялау және арнайы тәсілдермен катетеризация, цистоскопия, рентгенография және рентгеноскопиямен зерттейді. Қуықты жалпы тәсілмен зерттеу. Қуықты сипалау тәсілін мына мақсатпен: оның орнын, көлемін, консистенциясын, жиырылу қабілетін және онда ісік немесе тас сияқты бөгде дене жоқ па, соны анықтау үшін қолданады.
Ірі қара малдың және жылқының қуығын тік ішек арқылы сипайды. Бұл үшін алдын-ала зерттеуші алақанын төмен қаратып, тік ішектен жамбас сүйекке дейін енгізеді, содан кейін бірге топталған саусақ ұштарымен қуықты сипалайды. Ірі қара мал мен жылқының толмаған қуығы жамбас тесігі сүйегі үстіңде орнатады, ал түбі құрсақ қуысына қарай ілініп тұрады. Кәрі малда, ұрғашы мал туар алдында және туғаннан кейін бүкіл қуығы құрсақ қуысына " қарай ілініп тұрады, бұл оны сипауды қиындаттыра түседі. Қой, ешкі, бұзау, шошқа, ит және мысық қуығын қарау, сипау және перкуссия жасау арқылы тексереді. Кіші малдың куығын қарау арқылы тексеру кезінде оларды жанынан, арқасынан немесе түрегелтіп ұстап тұру керек. Бұл кезде ішкі өзгерістеріне көңіл аудару керек. Қуықтың несепке шектен тыс толып кетуі құрсақ қабырғасы салбырауына, ішінің, көлемінің үлкеюіне әсерін тигізеді. Кіші мүйізді малда, бұзауда, итте, мысықта қуықты терендете сипалау тәсілін қолдана отырып, құрсақ қабырғасы арқылы сипайды. Осылай қуықты саусақ ұшымен нұқып, шап сүйегінің аумағыңда табады. Кіші мал қуығын зерттеу үшін бимануальді сипалау қолданылады. Техникалық зерттеу әдісі былай болып келеді: сол қолдың алақанымен құрсақ қабырғасы асты арқылы қуықты жамбас қуысына қарай ығыстырады, ал оң қол саусағымен тік ішек арқылы тексеру жүргізіледі.
Дені сау малды сипау кезінде қуықтың алмұрт тәріздес ысылыңқы (эластин) екені білінеді, көлемі қуық ішіндегі несебіне байланысты болады. Малдың несеп жүйесі мүшелерінің түрлі ауруларында сипау тәсілі көмегімен қуық көлемінің үлкейгенін, онын тонусының жоғарылағанын және басқа өзгерістерді анықтауға болады. Бұл мүшелер көлемінің үлкеюі ишурияда болады. Қуықтың бос болуы анурияда және оның қабырғасы жыртылғанда кездеседі. Қуық тонусы көтерілгенде, әдетте сипалау кезінде, ауырсыну реакциясы байқалады. Бұл циститте, перитонитте, тас байлану ауруларында кездеседі. Қуық қабырғасының жиырылу қабілетін несеп шығарылу жылдамдығымен анықтайды. Дені сау малдарда несеп ағымы әлдеқайда жылдам келеді.
Қуық қабырғасының жиырылу қабілеті босаңсыған жағдайда оның қабырғасы солғын, ал несеп бөлінгендегі ағымы өте нашар болады. Қуықты перкуссия жасау арқылы тексеру тек ұсақ малда қолданылады. Оның көлемі арқылы қуықтағы жиналған газдарды анықтайды.
Қуыққа катетр енгізу. Катетрді қуыққа уретра арқылы енгізудің
негізгі себебі, оның толу мөлшерін анықтау немесе тексеруге несеп алу және емдеу үшін қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет