«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет72/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Гайема сынамасы (Вельтмона). Бұл әдістер негізінде органикалық-лабораториялық зерттеу нұсқауында бар. Сондықтан бұған мән берілмейді. Оны негізінен клиникалық практикада, егер уақытында пайдалана білсе маңызы зор.
Көмірсу алмасуы. Сиыр бауырының көмірсу алмасу қасиетін анықтау үшін пайдаланылатын жақсы сынаманы А.Г.Савойский ұсынған, бүл үшін қанттың қандағы құрам деңгейін,қан тамырына галактоза немесе глюкозаны құйғанға дейінгі және кұйғаннан кейінгі деңгейін білу керек. Бауыр диффузиялық түрде зақымдалғанда галактоза шектен тыс көбейіп, галактоземия болады. Бауырды функциональды зерттеу малда қан мен несепте сүт қышқылы мен жүзімдік қышқылдарын анықтау үшін тексеріледі, өйткені олардың көбеюі немесе азаюы әртүрлі бауыр ауруларында кездеседі.
Май алмасуы. Май алмасу күйін зерттеу үшін қан құрамында холестеринді, холестеринэстерлерді, фосфорлипидтерді және липопротеидтерді анықтау керек. Ветеринарлық-клиникалық прастикада қанда, сүтте және несеп құрамыңда кетон денешіктерінің шектен тыс көп болуына аса көңіл бөледі. Бауырда май алмасуының бұзылуын анықтау өте қиынға соғады, сондықтан клиникада көп зерттеле бермейді.
Қанда, сүтте және несепте кетон денешіктерінің шектен тыс көбеюі көмірсутек май алмасуының бұзылуы деп саналады.
Бауырдың антитоксикалық және басқада қызметі. Бауырдың антитоксикалық қызметін арнайы түрлі-түсті реакциясын Ников және Мехтиев сынамаларымен анықтайды.
Бауырдың сөл бөлу қызметін анықтау үшін бромсульфалеинді сынамасын қолданады, ал қанның ұюының бауырлық факторларынанықтау үшін протромбин; Баровский және Ровенский әдістерімен анықтайды.


Бақылау сұрақтары:
1.Гастрит дегеніміз не? Оған анықтама беріп, оны түсіндіріңіз.
2.Гастриттің негізгі себептері қандай?
3.Аурудың даму процесін айтып беріңіз.
4.Аурудың негізгі белгілері қандай?
5.Ауруды анықтаудың қандай әдістерін білесіз?
6.Асқазан бездерінің қозғыштығының түріне қарай қарын сөлінің қышқылдығының өзгеруін қалай ажыратуға болады?
7.Гастритті емдеу үшін қандай дәрілер мен жабдықтарды қолдануға болады?
8.аурудан сақтандыру шаралары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет