Несептің тұнықтығы. Несептің бұл қасиетін тұнық ыдыста, табиғи жарықта анықтаған дұрыс. Дені сау малдардан алынған жаңа несеп тұнық болады ( тақтұяқтылардан басқа). Тұрып қалған несепте бұлт тәріздес лай пайда болады, ол несеп құрамындағы мукойдтан, несеп шығатын жолдағы кілегейден және фосфат қышқылдарынан тұрады. Қышқыл несепте ураттар, кристалдар, қызғыш тәріздес тұнба түзіледі. Дені сау жылқыларда аммиактың ашуы салдарынан несептің жоғарғы беті жұқа әк пленкасымен жабылады. Жаңа алынған несептің лайлы болу себебі: оның қүрамында азғана мөлшерде лейкоциттер, эритроциттер, бактериялар, тұздар, кілегей, эпиталиалды клеткалардың майлануынан.
Көбінесе несептегі заттар құрамын микроскопиялық зерттеулер, әдістер арқылы анықтайды.
Несеп консистенциясы. Несеп консистенциясын бір ыдыстан екінші ыдысқа сапырып құю арқылы анықтайды. Дені сау малдың несеп консистенциясы сулы сұйық болады (тақ тұяқтылардан басқасы).
Дені сау жылқы, қашар және есектің несеп консистенциясы құрамындағы муцинге байланысты кілегейлі болып келеді. Оны құйған кезде ұзын жіп тәрізді созылып тұрады. Тақ тұяқтыларда несеп сұйық су тәріздес болып полиурияда кездеседі. Несеп жолдары, жыныс мүшелері қабығанда және диурез азайған кезде несеп созылмалы болады.
Несептің иісі. Жаңа алынған несептің алдымен иісін анықтайды. Дені сау мал несебінің иісі әртүрлі малда өзіне тән болады. Несеп неғұрлым құнарлы болса, оның иісі солғұрлым күшті болады. Сулы несеп-бактериялық ыдырауға шалдыққанда оның иісі аммиак иісі тәріздес. Бұл қуық қабырғасы сал болғанда, циститте, уретра бітеліп қалғанда байқалады. Аммиак иісі тәріздес иіс несепті ұзақ уақыт сыртта сақтаған кезде пайда болады. Шірік иіс циститте және қуық ішіндегі ісіктер ыдыраған кезде білінеді. Несепте жеміс иістері кетоз ауруымен ауырған малда байқалады.
Несептің салыстырмалы тығыздығын урометр, көмегімен анықтайды, ол үшін шкаласында 1,000-1,000 дейінгі көрсеткіші немесе шкаласында біреуінде 1,000-1,030, екіншісінде 1,030-1,060 деген көрсеткіштері бар қос урометр қолданылады. Несепті жайлап қабырғасымен цилиндрге құяды, егер жоғарғы бетінде көбік пайда болса, оны сүзгіш қағазбен алып тастайды. Цилиндрдегі несепке урометрді жайлап батырады. Урометр тұрақты жағдайға келген соң оның шкаладағы көрсеткіші бойынша несептің салыстырмалытығыздығын анықтайды. Урометр бұл кезде цилиндр қабырғасына " немесе түбіне тимеуі керек. Егер несеп температурасы шкала көрсеткішіне арналған температурадан өзгеше болса, онда көрсеткішке анықтау енгізу керек.
Несеп температурасы мен шкала көрсеткішіне арналған температура арасындағы әрбір 3СС айырмашылыққа не төмен, не жоғары қарай, көрсетілген салыстырмалы тығыздыққа 0,001-ді қосады немесе азайтады.
Протеинурия немесе глюкозурия кезінде несептің салыстырмалы тығыздығы жоғарылайды, сондықтан анықтау енгізілді. Әр 0,1 г/л қантқа салыстырмалы тығыздық көрсеткішінен 0,004-ті, ал әр 0,3 г/л белокқа - 0,001-ді алып тастайды. Дені сау мал несебінің салыстырмалы тығыздығы мына төмендегі көрсеткіштер аралығында болады г/мл, немесе кг/л. Ірі қара малда-
1,015-1,045; ұсақ мүйізді малда-1,015-1,050; жылқыда - 1,020-1,050; шошқада -1,005-1,025; итте - 1,020-1,025; мысықта - 1,020-1,040.Салыстырмалытығыздықтың төмендеуі бүйректің бірінші несепті концентрлеу халінің жетіспеушілігін көрсетеді. Несептің салыстырмалы тығыздығының бірдей төмендеп кетуі, бүйрек ұлпасы зақымданғанда: мысалы, жіті және созылмалы нефритте, нефросклерозда байқалады.
Несептің салыстырмалы тығыздығының көтерілуі мына жағдайда: іш өткенде, құсқанда, ұзақ терлегенде және көптеген қозба байқалатын жұқпалы ауруларда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |