«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет81/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несепті химиялық зерттеу
Сабақтың мақсаты: несеп реакцияларын анықтайтын тәсілдерді үйрену, оны белокқа, альбумозға, қантқа зерттеу. Несептегі кетонды денелерді және өт қышқылдарын анықтау жолдарын үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: индикаторлы қағаз, рН-метр, фотоэлектроколориметр ФЭК-56, белокты, альбумозды, қантты, кетонды денелерді, қан пигменттерін, индиканды, өт пигменттерін және қышқылдарды анықтау үшін керекті реактивтер.
Несептің химиялық құрамын анықтау. Несепті химиялық зерттеу,біріншіден оның рН, ал одан кейін оның құрамындағы белокты, альбумозды, қантты, кетонды денелерді, қан пигменттерін, миоглобинді, индиканды, өт пигменттерін және қышқылдарды анықтайды.
Несептің рН анықтау. Мал несебінің рН-ын индикаторлықағазбен немесе рН-метр көмегімен анықтайды. Көбінесе несептің рН-ын индикаторлы қағаз көмегімен анықтайды. Бұл үшін әмбебап индикаторлы қағазын несепке батырып, сосын шығарып алып, оны рН цифрларымен белгіленген түрлі-түсті шкаламен салыстырады.
Дені сау мал несебінің реакциясы күнделікті қабылдап жүрген азығы құрамына байланысты. Шөппен қоректенетіндерге сілтілі немесе бейтарап, ал етпен көректенетіндерге қышқылды болады.
Қышқылды несеп қозбамен қатар жүретін ауруларда кездеседі.
Сілтілі несеп циститте, экссудат және транссудаттар бойға тарап кұсқанда байқалады.
Белокты анықтау. Несепте белоктың болуын сапалы және мөлшерлі байқау әдістері арқылы анықтайды.
Сульфосалицильді қышқылмен сапалы байқау. Пробиркаға 2-3 мл қышқыл реакциялы несеп кұяды,оған 5-6 тамшы 20 % сульфосалицилъді қышқыл ерітіндісін қосады. Егер несепте белок болса, онда пробирканы қыздырған кезде жоғалмайтын лай пайда болады.
Азот қышқылымен сапалы байқау. 1-2 мл 50 % азот қышқылы ерітіндісі бар пробиркаға, қабырғасын бойлай абайлап, несепті екі сұйық бір-бірімен араласып кетпейтіндей етіп құяды. Егер несепте белок болатын болса, онда екі сұйық қосылған кезде ақ шеңбер пайда болады, ол азот қышқылы әсерінен ұйып қалған белок несеп кұрамындағы басқа да заттардың қышқылмен реакцияға түскен кезінде осындай шеңбер несеп қышқылымен ураттардан тұратын шеңбер пайда болады, бірақ ол екі сұйық қосылған жерден әлде қайда биік түзіледі және ол онша жақсы байқалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет