«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Несеп шығатын өзекті зерттеу (уретраны)



бет78/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несеп шығатын өзекті зерттеу (уретраны). Уретраны қарау және сипау катетеризация тәсілдерімен зерттеледі. Зерттеу кезінде уретраның кілегейлі қабығы жағдайы мен бөлінген заттың сипатына, өткізу қабілетіне және ауырсыну реакцияларына көңіл бөлу керек.
Еркек малда уретраның тек алдынғы бөлігі кілегейлі қабығын ғана көруге қолайлы. Уретраның осы бөлігін тексерген кезде оның несеп шығатын канал қуысына, кілегейлі қабығы түсіне және тағы да басқа өзгерістерге көңіл бөледі. Тек уретраның бір бөлігі ғана шонданай ойығына дейін сипауға келеді, сондықтан өгіз, қошқар, теке және торайдың 8 -тәріздес имегіне көбірек көңіл бөлу керек, өйткені, сол жерде тас байлану аурулары кезінде тастар жиі тұрып қалады. Өгіз, қошқар, теке және торай уретрасына новокаинмен блокада жасамай, катетеризация тек 8- тәріздес имекке дейін жүргізіледі. Новокаинмен блокада жасағаннан кейін, уретраны катетеризациялау оның бүкіл бойымен жүргізуге мүмкінік туады. Ұрғашы малда қынап айнасы көмегімен уретраның алдын көру қолайлы. Бұл кезде уретраның кілегейлі қабығы жағдайына және каналдан аққан сұйықтың сипатына көңіл бөледі. Ұрғашы ірі малдың несеп шығатын каналы біраз бөлігінің кілегейлі қабығын цитоскоптың көмегімен көруге болады. Әдетте бұл қуыққа цитоскопия жүргізген уақытта қолайлы. Ұрғашы мал уретрасын қынаптың вентральді қабырғасы арқылы сипалайды. Бұл кезде онда ауырсыну реакциясы бар ма, жоқ па, соған көңіл бөледі. Дені сау мал уретрасының ауызғы кілегейлі қабығының түсі ақшыл, қызыл, жылтылдаған және онда ауырсыну белгілері білінбейді. Несеп шығатын канал тесігіне катетерді енгізіп, оны қуыққа дейін жүргізгенде ешқандай кедергілер байқалмайды. Ауру мал уретрасының кілегейлі қабығы қабынуы, домбығуы, онда қанқұйылуы және несеп шығатын каналдан ірің, қан, су бөлінуімүмкін. Уретраны сипау кезінде ондағы түрлі зақымдардытастардың тұрып қалуын және айналасындағы тканьдердіңауырсынуын байқауға болады. Уретраның бітеліп қалғанын
катетерді енгізгенде анықтайды. Несеп шығаратын каналдыңбітеліп қалуына көбінесе тас байлану ауруы себеп болады. Уретраның қабынуынан, ондағы ісіктердің салдарынан бітеліп қалады.Несептің физикалық қасиетін зерттеу.
Малдың несебіне талдау жасау, оның ішінде физикалық қасиетін анықтап тексеру-көбінесе диагностикалық мақсатпен жүргізіледі. Бұл несепте табылған өзгерістердің, тек бүйрекпен несеп шығатын жолдардағы патологиялық құбылыстарды тануғана емес, сондай-ақ қарын, ұйқы безі, бауыр ауруларын және зат алмасуы бұзылғанын анықтауға себебі тиеді.
Сабақтың мақсаты: малды тексеру үшін несеп алу әдістерін меңгеру. Несептің физикалық қасиетін анықтаудың практикалық негізін үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: несеп катетерлері, несеп жинағыш шыны ыдыстар, несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау үшін цилиндр, урометр жинағы.
Жануарлар: сиырлар, жылқылар, қойлар, шошқалар, иттер.
Несеп алу әдістері. Несепті клиникалық анализ жасау үшін, әдетте таңертең малға азық бермес бұрын аш қарыннан үлкен таза ыдысқа 200 мл бір-ақ рет алады. Ғылыми зерттеу үшін 6-12 сағат аралығында, ал көбінесе бір тәулік бойғы несепті жинайды. Әртүрлі малдан несеп алу әдісінің өзінше өзгешеліктері бар. Ірі қара малдан және жылқыдан несепті табиғи несеп шығарған кезде алады. Сиыр несебін рефлекторлы жолмен сарпайдың төменгі жағындағы теріні сипалау арқылы алуға болады. Бұқаның несеп бөлуін тездетуге болады, ол үшін жылы суға малынған 30-40 тампонды күпек тесігіне тақап ұстап тұру керек. Жылқының несеп 1 шығару белсенділігін әлсіз шуыл арқылы шақыруға болады. Мысалы, арпа суырған кездегі шуыл. Несеп керек болған жағдайда ірі қара малдан және жылқыдан тік ішек арқылы қуыққа массаж жасау арқылы немесе катетер көмегімен алады. Қойдан, ешкіден табиғи несеп шығарып тұрған кезінде несеп алу мүмкін емес, өйткені олар адам қасына жақындаған кезде несеп бөлуін тоқтата қояды. Қойдан, ешкідей несеп алудың ең қолайлы әдісі, қуыққа рефлекторлы әрекет жасау арқылы уақытша арнайы шақыру (тыныс тоқтауы). Бұл үшін малды мықтап байлап, сол қолмен мойнынан қапсыра ұстап, ал оң қол алақанымен танау тесіктерін 15-20 сек жауып тұрады. Осы уақыт аралығында біраз тынышсызданғаннан кейін несеп бөліне бастайды.
Шошқадан несепті табиғи несеп бөліп шығарған кезде алады. Әсіресе ол ұзақ жатып тұрған кезде несебі тез әрі оңай алынады. Нашар, ауырып жатқан шошқалардан несеп алу үшін тік ішек қабырғасы арқылы алақанмен қуықты қатты басу керек.
Ұрғашы шошқа несебін катетер көмегімен алған оңай.
Иттерден несепті таңертеңгі қыдырған уақытында табиғи несеп шығарған кезде алған дұрыс. Әсіресе еркек иттерді алдын ала өздері білетін "несеп нүктесіне" алып келсе жақсы алынады. Керек болған жағдайда иттерден несепті катетер көмегімен де алуға болады.
Мысықтан несепті табиғи несеп шығарған кезде алады. Олардың несеп шығаруын құрсақ қабырғасы арқылы қуықты екі жағынан басып шақыруға болады. Уретрасы бітелген жағдайда катетер арқылы алады.
Ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатымен тәулік бойғы несеп мөлшерін жинау үшін әр малдың жынысына және түріне қарай жасалған арнайы несеп қабылдағышты қолдану керек.
Несепті лабораторияға жолдамамен әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет