Несепті сақтау. Ең қолайлысы несепті алынған уақытынан 1,5 сағаттан кешіктірмей тексерген дұрыс. Керек болған жағдайда оны консервілеуге болады. Несепті 1-2 күн сақтау үшін ең қолайлы температура + 4°С тоңазытқышта ұстаған дұрыс. Несепті ұзақ уақыт сақтағанда оған консервілеуші заттар,кебінесе ол үшін тимол қолданылады (1 грамын 1 литр несепке). Бірақ бұл препарат несептегі азот қышқылы белокті анықтауға кесірін тигізетінін ескерген жөн. Консервілеуші заттардан 40 % формальдегид ерітіндісінің 25 мл несепке 2-3 тамшысын қолдануға болады. Жоғарыда айтылған консервілеуші заттар біріккен элементтерді сақтау үшін қолданылады, бірақ бұл препараттар химиялық зерттеу үшін өте қолайсыз.
Несептің физикалық қасиетін зерттеу. Несептің физикалық, қасиетін зерттеген кезде оның мөлшерін, түсін, тұнықтығын, консистенциясын, мөлдірлігін, иісін және салыстырмалы , тығыздығын анықтайды.
Несеп мәлшері. Белінген несеп мөлшерін мензуркамен немесе
өлшеуші белгісі бар цилиндрмен өлшейді. Дені сау мал тәулік ішінде төмендегідей мелшерде несеп бөліп шығарады: жылқылар 3-6 литр; ірі қара мал - 6-12 литр; қой және ешкі - 0,5-1 литр; шошқалар - 2-4 литр; ірі иттер - 0,5-1 литр; кіші иттер - 0,04-0,2 литр; мысықтар - 0,1-0,2 литр.
Несеп түзілуінің бұзылуы. Бөлінген несеп мөлшерінің көбеюі немесе азаюы болмаса, оның бүйрекпен шығарылуының мүлдем тоқтауы мүмкін. Тәулік бойы бөлінген несеп мөлшерінің көбеюі -поиурия деп аталады. Ол бүйректегі қан айналымының күшейгеніне байланысты. Дені сау малда полиурия оларды көп мөлшерде шырынды азықтармен азықтандырғанда, нерві қозғанда болуы мүмкін. Ауру малда ол қозба қалпынан кейінгі жазылып келе жатқан кезенде, ісіктер, экссудаттар, транссудаттар денеге тарай бастағанда байқалады. Кей кездерде полиурия гормондық бұзылуы салдары әсерінен де болады, мысалы қант диабетінде. Бүйрекұлпасы зақымданғанда, әсіресе оның циррозға шалдыққанында көбінесе полиурия пайда болады. Тәулік бойы бөлінген несеп мөлшерінің азаюы - олигурия деп аталады. Дені сау малда ол ішері су жетіспегендіктен болады. Ауру малда олигурия өте кеп терлеуінен, қозбадан, ұзаққа созылған құсудан, жүрек ақауларынан, бүйректің жіті жетіспеушілігінен болады және экзогенді немесе эндогенді интоксикацияда кездеседі.
Несеп түзілуінің тоқталуын-анурия деп атайды. Ол бүйрек қан айналымының бұзылуынан болады. Бұған организмнің улануы, перитонит, ауыр жүретін нефрит, сынап және қорғасынмен улануы себепші.
Несептің түсі. Несеп түсін табиғи жарықта, ақ зат тұсында цилиндрге құйып анықтаған өте қолайлы. Қалыпты жағдайда несептің түсі негізінен несеп құрамындағы урохром мөлшеріне байланысты. Күйіс қайыратын мал несептерінің түсі ақшыл-сарыдан ақшыл-қоңыр, ал дені сау жылқыларда несеп ақшыл түстен қоңыр-сары түске дейінгі аралықта болады. Шошқалар ақшыл-сары түсті несеп бөліп шығарады. Дені сау ит пен мысық несебінің түсі ақшыл-сары немесе сары түсті. Несепті сақтап қойған кезде оның жоғарғы қабаты қарайып кетеді. Патология кезінде несептің түсі былайша өзгеруі мүмкін (түссіз-диабетте, нефросклерозде), ете сарғыш (қозбада және қатты терлегенде), сарғыш-жасылдан қара-қоңырға дейін (өт пигменттері несепте көбейген жағдайда), қара-қоңырдан қанды-қызылға дейін (гематурияда, миоглобинурияда), ақ (цистит, пиелонефрит кезіндегі ірің араласуынан). Кейбір дәрілер және азықтар несеп түсінің өзгеруіне көп әсерін тигізеді. Мысалы, метиленді көкті қабылдағаннан кейін несеп көк немесе жасыл түсті болады, карбол қышқылының препараттары несепке қоңыр немесе қара түс береді, сантонин-жасыл (несеп қышқыл болғанда), қызыл (несеп сілтілі болғанда), пирамидон сульфанол, фенотиазин қабылдағанда және малдарды қызыл қызылшамен азықтандырғанда несеп сарғыш түстен ашық-қызыл түс аралығында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |