«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Несептегі өт қышқылдарын метиленді көкпен байқау



бет87/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несептегі өт қышқылдарын метиленді көкпен байқау. Бұл байқауды екі пробиркамен жүргізеді, біреуі - байқауға арналған, оған 2 мл дистильденген су, ал екіншісіне 2 мл несеп құямыз. Екі пробиркаға да бір-бір тамшыдан 0,2 % метилеңді көк ерітіндісін құямыз. Егер несепте етқышқылдары болса, пробиркадағы несеп жасыл түске боялады.
Несептегі ет қышқылдары мөлшері механикалық және паренхиматоздық сары ауруда көбейеді.
Несеп тұнбаларын зерттеу
Несеп тұнбасын зерттеу бүйрек, несеп түтіктері, қуық және несеп жолдары ауруын тексергенде диагностикалық тұрғыдан өте үлкен үлес қосады.
Несеп тұнбасында эритроциттер, лейкоциттер, эпителиялар, цилиндрлер, әртүрлі қосындылар кристалдары, бактериялар және т.б. табылады.
Сабақтың мақсаты: несеп тұнбасын алу жолдарын және одан микроскопиялық зерттеу үшін препараттар дайындау тәсілін үйрену. Несеп тұнбасынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеу тәсілдерін және несеп тұнбасындағы элементтердің бірінен-бірін ажыратып білудің практикалық ілімін игеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, центрифугалық прибор, төсеніш және жапқыш шынылар, центрифугалық пробиркалар, несептің әртүрлі элементтері бар несеп тұнбасы.
Несеп тұнбаларын зерттеу тәсілдері. Несеп тұнбасын зерттеу жобалау және мөлшерлеу тәсілдерімен жүргізіледі.
Жобалау тәсілі. Бұл тәсіл клиникалық практикада өте жиі қолданылады, тәсілдің кемшілігі ол тек несеп тұнбасындағы бөлек-бөлек компоненттердің бар екендігін жобалап керсетеді.
Мөлшерлеу тәсілі. Бұл тәсілдің жобалау тәсіліне қарағанда эритроцит, лейкоцит, цилиндр және несеп тұнбасындағы басқа элементтерді есеп камерасында санауға мүмкіндік береді. Өте кең тараған тәсілдерге Кановский-Аддис, Амбурме, Ничипоренко және т.б. жатады. Бірақ мөлшерлі тәсіл орындау қиындығына байланысты ол клиникалық практикада өте сирек қолданылады.
Несеп тұнбасынан препарат дайындау. Жаңа алынған несепті тез зерттеген дұрыс (4 сағат ішінде). Біріккен тұнбаларды жақсы сақтау мақсатымен, әсірісе жылы уақытта, несепті 40 % формалин ерітіндісімен консервілеуге болады.
Центрифугалық пробиркаға 10-15 мл несеп құйып, оны 5-7 минут 1500-2000 айн/мин айналдырады. Сонан соң көрініп тұрған тұнбаның түсіне қарап баға береді.
Препарат жасар алдында пробирканы жылдам еңкейтіп, тұнба үстіндегі сұйықты төгеді. Бұл кезде тұнбаны бұзбау керек. Әрі карай жіңішке ұшынан созылған пипетка мен тұнбаны аз ғана несеппен араластырып, төсеніш шыныға бір тамшы тамызып, үстін жапқыш шынымен жабады. Дайын болған препаратта ауа көпіршігі болмауы және жапқыш шыныдан сұйық жайылып шықпайтындай болуы керек. Егер несеп тұнбасы бірнеше қабаттан тұратын болса, онда препарат әр қабаттан жеке жасалынады. Препаратты микроскоппен зерттеген кезде микроскоп конденсоры төмен түсіріледі. Контрасты көрініс тудыру үшін, зерттеуді кіші үлкейткіштен бастайды (объектив х 8, окуляры х 7,) сонан соң үлкен үлкейткішпен тұнба элементтерін бір-бірінен ажыратуға кіріседі (объектив х 40, окуляры х7).
Препаратты зерттеген кезде бірнеше көру аймағынан табылған
эритроциттің, лейкоциттің, эпителиальды клетканың, цилиндірдің орта санын жобалап анықтайды. Табылған кристалдар санын белгілеу үшін төмендегідей: үлкен, кішірек, өте аз деген баға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет