«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Несептегі қанды және қан пигменттерін анықтау



бет85/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Несептегі қанды және қан пигменттерін анықтау. Жаңа алынған несептегі қан микроскоп көмегімен өте жылдам анықталады. Қан пигменттері (гемоглобин және оныңтүрлері - метгемоглобин, сульфогемоглобин,гемосидерин) және миоглобинді арнайы сынамалардың көмегімен табамыз.
Бензидинов сынамасы. 2 мл 3 % сутегі перекисі ерітіндісіне 10-15 тамшы жаңадан мұзды сірке қышқылында жасалған қаныққанбензидин ерітіндісін араластырып, оған тамшылатып несеп қосады.Алғашында жасыл, ал содан соң көк түске боялуы несепте қан пигмештері бар екенін білдіреді
Дені сау малдың несебі қан пигменттеріне теріс реакциябереді. Несепте қан, гемоглобин, миоглобин болған жағдайда қан пигменттеріне оң реакция береді. Несеп құрамында қанның болуы-гематурия деп аталады. Гематурия нефритте, нефрозонефритте, бүйрек инфарктында, циститте, С- гиповитаминозда, ісіктердің несеп жүйесі ыдырауында байқалады.
Несеп құрамында гемоглобиннің болуы-гемоглобинурия деп аталады. Гемоглобинурия ауру малдарда гемоглобинемияда кездеседі, ол көбінесе қан паразиттері ауруы, улану, күйіп қалу және ауыр жұқпалы аурулар салдарынан болады.
Аммоний сульфатымен байқау сынамасы. 5 мл несепке 2,8 г аммоний сульфат кристалын ерітіп, сонан соң оны сүзеді. Егер сүзінді қызыл-қоңыр түсті болса, онда несепте миоглобин, ал егер сүзінді боялмаса-ондагемоглобин бар деп білеміз.
Дені сау малдар несебінде миоглобин болмайды. Ал оның несепте кездесуі - миоглобинурия деп аталады. Миоглобинурия бұлшық еттердің механикалық зақымнан және жылқының сол миоглобинуриясынан кейін байқалады.
Несептегі индиканды анықтау. Дені сау мал несебінде индикан өте аз мөлшерде кездеседі. Индиканның несеп құрамында өте көп болуы - индиканурия - деп аталады. Индиканурия - ішектегі белокты заттардың шіріген (ішек түйілуі, копростазда, перитонитте) және организмде белок ыдыраған кезінде байқалады (абсцесте, ісіктерде және т.б.). Индиканның несепте болуын арнайы байқау сынамалары арқылы анықтайды.
Обермайер сынамасы. Пробиркаға 6 мл хлор ерітіндісін қосамыз (0,2 - 0,4 г хлорлы темірді 100 мл концентрленген тұз қышқылында ерітеді). 5 минут өткен соң оған 1-2 мл хлороформ қосып, пробирканы жақсылап шайқайды.
Егер индикан болған жағдайда, пробирканың төменгі жағында хлороформ көк түске боялады. Бояудың қанықтығы индиканның мөлшеріне байланысты.
Яффе сынамасы. Пробиркаға 2-3 мл сүзілген несеп құйып, оған осындай мөлшерде күшті тұз қышқылын, 2-3 мл хлороформ және 1-2 тамшы 2 % калий перманганат ерітіндісін қосады. Пробирканы бірнеше рет төңкеріп араластырады.
Пробирканың түбіне хлороформ түзілген соң реакцияға баға береді. Индикан болған жағдайда хлороформ көгілдір немесе ашық кызыл түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет