Жұлын омыртқаларын перкуссия балғашығымен әр омыртқаны орташа салмақпен нұқып, күш жұмсау арқылы жүргізеді, бұл кезде перкуссияға жауап қайтаруына және бұлшық еттердің жиырылуына кеңіл аударады.
Сезім мүшелерін зерттеу. Сезім мүшелерін зерттеу кезінде көру, есту, иіс және дәм сезу қабілеттерін анықтайды.
Көру мүшелерін зерттеу. Көру мүшелерін зерттеу кезінде көру әдісі арқылы қабақ, коньюнктива, көз алмасының қандай жағдайда екенін, олардың орналасуын, қозғалғыштығын, сонымен қатар көз қабығының және көз тұнбасының мөлдірлігін, қарашықтың тор қабықшасы және көруінің қандай жағдайда екенін анықтайды.
Қабақтың патологиялық өзгерістерінен ауруды анықтаудағы маңыздылары мыналар: қабақ инфильтрациясы, механикалық әсерден зақымданғанда болатын немесе менингит (ми қабықшасының қабынуы), ірі қараның, торайлардың ісініп ауыратын ауруларында, ит обасында, құс дифтериясында кездеседі; жоғарғы қабақтың төмен түсіп кетуі (птоз), қабақты қозғалтатын бұлшық еттердің сал болуы кезінде байқалады, төменгі қабақтың төмен салбырап кетуі, ботулизмнің ең алғашқы сыртқы белгілері, сіреспе ауруы кезінде көзді ашып жұматын қабақтың жабылмай қалуы байқалады.
Көз алмасының патологиялық өзгерістерінен мыналар кездесуі мүмкін: көз алмасының шарасынан шығып кетуі (экзофтальм), лейкоз, боз ет және басқа ауруларда байқалатын; көз алмасының ішке кіріп кетуі мал азғанда және эксикозда кездеседі, көздің дұрыс орналаспауы (қисық көзділік, қилылық көз), көздің жеке бұлшық еттерін жүйелейтін көз ядросының немес шалғай орналасқан жүйке тамыр талшықтардың зақымданғанын көрсетеді; көз алмасының діріл қағуы (нистагм), мишық, үлкен ми дүмі зақымданғанда, соның ішінде, энцефалитте байқалады.
Қарашықтың жарық қоздырғышқа жауап беруін анықтау мақсатында оны бірде ашып, бірде жауып кезекпен анықтайды. Қарашықтың жауап қайтаруы жарықтың әсер етуіне байланысты (қарашықтың кішіреюі) және ауруымен байқалады (қарашықгың ауырған кезде үлкеюі-симпатикалық жауап беру). Сау малда қараңғыланғанда үлкейетін қарашықтар жарық түскенде тез арада кішірейеді.
Қарашықтың патологиялық өзгерістері рефлекторлық доғаның бұзылуы, қарашықтың жарыққа жауап беруінің жойылуы мен көру және көз қимылдататын жүйке тамырлары мен мидың алдыңғы жоталарының зақымдануына байланысты; қарашықтың кішіреюі (миозис) миға қан құйылғанда болатын бас қанқасының ішінде қысымның көбеюі әсерінен; қарашықтың үлкеюі (мидриазис), көз менингиті, ценуроз және басқа аурулар кезінде болады.
Қарау кезінде көз қабығының патологиялық өзгерістерінің байқалуы ауруды анықтауда маңызды орны бар. Көз қабығының жарасы және қабынуы механикалық зақымдануы, көз қабығының мөлдірлігінің жойылуы, химиялық заттар әсерлерінің нәтижелері, ірі қара тейлериозында, ит обасы, жылқының жұқпалы плевропневмониясы, тауықтың нейролимфоматозы және басқа аурулар кезінде кездеседі.
Көз айнасын офтальмоскоп немесе көз эндоскопиясы аспабымен зерттейді, зерттеу кезінде қан тамырлары суретіне, толықтығына, пішіні мен талшық көлеміне көңіл аударады.
Көз айнасының патологиялық өзгерістерінен жиі кездесетіндері: тор қабықшасының қабынуы және мөлдірлігінің жойылуы, талшықтың есуі ценуроз, ми ісігінде, менингитте жиі кездеседі.
Керу жүйке тамырының атрофиясы (семуі) көру жүйке тамыры қабынғанда және сығылғанда, ми ісігенде пайда болады.
Егер соқырлық (амаврозис) байқалса немесе көру нашарласа (амбинопия), онда малдың мінез-құлқын жүрген кезінде алдына кедергілер қойып анықтайды. Көзі нашар көретін немесе соқыр мал жүрген кезде аяқтарын жоғары көтеріп басып, кедергілерге ұрынады.
Есту мүшелері. Малдың өзіне таныс дыбыстарға жауап қайтаруын байқайды (лақап атымен шақырады және т.б.), сонымен қатар құлақты көру әдісі арқылы тексереді, ол қабынса немесе бөгде зат болса, құлақты бітеп, есту қабілетін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |