«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Малдың сезу және қозғалыс қабілетін зерттеу



бет94/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Малдың сезу және қозғалыс қабілетін зерттеу
Сабақтың мақсаты: сезу және қозғалыс қабілетін зерттеу, әдістерін меңгеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: малдың жүйке тамыр жүйесін зерттеуге арналған құрал-саймандар жиынтығы.
Жануарлар: сау және ауру сиырлар, жылқылар, иттер.
Сезу қабілетін зерттеу. Оған жоғарғы (экстерорецептивті) және терең (проприоцептивті) сезу қабілетін зерттеу жатады.
Беткейлік сезу қабілетін зерттеу. (Тері және кілегей қабықтар). Мал дәрігерлік жұмыста сезу қабілетін үш түрін зерттеу қабылданған: ауырсыну, тіксіну және ыстық-суықты сезу.
Ауырсынуды сезу. Ауырсынуды сезу қабілетін малға байқатпай ине ұшымен терісін шаншу арқылы анықтайды. Мал терісіне қол тиген кезде болатын рефлексті болдырмау үшін, ең алдымен, қолды малдың тексерілетін жеріне қойып, үйренгеннен кейін инені теріге шаншиды. Зерттеуді шат маңайынан бастап, омыртқа жотасымен, мойынның екі қапталын соңынан аяқтарын зерттейді. Сау малға ине шаншығанда жауап ретінде тері асты бұлшық еттері жиырлып, құйрықтарымен ұрады, басын ине шаншылған жаққа бұрады, аяқтарын көтереді және т.с.с.
Өте сезгіш бөліктері: ерін, тұмсық ұшы, санның ішкі беткейі, желін, тік ішек пен қынап аралығы, артқы тесік, жыныс мүшелері, бақайшық, тірсек терісі болып табылады. Әлсіз сезгіштік қабілет шап және санның сыртқы беткейі терісінде болады.
Ауру сезгіштік және тітіркендіргіш қасиеттерін толық анықтау мақсатында И.П.Шаптала конструкциясы бойынша жасалынған аспаптарды қолдануға болады.
Тактильді (тіксіну) сезгіштік. Тіксіну сезгіштікті мал көзіне байқатпай тез арада жүнге таяқша, талшық немесе басқа жеңіл затты тигізу арқылы анықтайды (51-сурет). Сау малда мұндай тітіркендіруге тері асты бұлшық еттерінің жиырылуымен, сілкінуімен, басын бұрып қарауымен және басқа қимылдар жасау арқылы жауап қайтарады.
Жылу сезгіштік. Температуралық сезгіштікті теріге жылы және суық затты тигізу арқылы тексереді, оны анықтау үшін дененің әр түрлі бөліктеріне кезекпен жылуды және суықты жақындату арқылы малдың жауап қайтаруын бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет