«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет82/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Робертс-Стольниковтың сапалы байқауы.Пробиркаға 2 мл 50 %азот қышқылы ерітіндісін құйып, оған сондай мөлшердегі несептіқабырғасымен бойлап құяды. Егер 1-2 минут ішінде екі сұйыққосылған шекарада сұр шеңбер пайда боса, ол несеп кұрамындабелоктың 0,033 г/л-ден де көбірек екенін білдіреді. Бұл жағдайданесепті дистилденген сумен араластырады. Белок мөлшерін 0,033-тінесептің араласқан есесіне көбейту арқылы шығарады. Несепқұрамындағы белок мөлшерін есептеп шығаруды жеңілдету үшін 4 -кестеде келтірілген анықтаманы қолдануды ескертеміз.
Сульфосалицильді қышқылмен сапалы байқау. Пробиркаға 1,25 Н
мл тұнық несеп алып, оған 5 % сульфосалицильді қышқыл ерітіндісін қосады. 5 минут уақыт өткеннен соң оптикалық тығыздығын кюветада анықтайды, оның жұмысшы ені 5 мм, жарық сүзгісі 650-590 нм. бақылауға қарсы.
Бақылауды дайындау тәсілі төмендегідей. Ортадан тепкіш пробиркаға 1,25 мл тексерілуге дайындалған тұнық несепті құйып, оған 5 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосады.
Байқаудың оптикалық тығыздығынан бақылаудың оптикалық тығыздығын алып тастайды. Есепті калибірлік графикпен жүргізеді, ол график стандартты альбуминді,0,9 % хлорлы натрий ерітіндісінде концентрациясы 100 мл ерітіндіде - 5,10,50 және 100 мг етіп араласуы негізінен құрылады. Әр араласқан стандарттан 1,25 мл алып, оны байқау ретінде қолданады.
Белоктың несепте пайда болуы-протейнурия деп аталады. Протейнурия екі топқа бөлінеді: бүйректен тыс және бүйректі. Бүйректен тыс протейнурияда белок несепке несеп шығаратын жолдардан қосылады. Көбіне бұл циститте, уретритте, пиелонефритте, жыныс мүшелері қабынғанда кездеседі. Бүйректі протейнурияда болып, несепке бүйрек арқылы қосылады. Бүйректі протейнурия шығу тегіне қарай функциональді және органикалық болып бөлінеді. Функциональді протейнурия бүйрек капиллярының өткізу қабілеті бұзылуы салдарынан болады. Бұл жаңа туған бұзау мен кұлында алғашқы үш күн ішінде байқалады. Органикалық
протейнурия бүйрек ұлпасы зақымданғанда және клубочка
капиллярының өткізу қабілеті үлкейгенде кездеседі.
Бүйректі протейнурия гломерулонефритте,нефрозда,интоксикацияда, жұқпалы ауруларда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет