Ветеринарлық практикада кейінгі кезде кұрсақ қуысы ағзалары қарау арқылы тексеріледі, соның ішінде бауырды тексергенде лапароскоп аспабын пайдаланады. Бұл тексеру түрін А.С.Логинов ен Б.В.Уша ойлап тапқан, бірақ олар лапороскоптың адамның дене ағзаларын зерттеуге арналған түрін пайдаланған.
Химиялық және гистологиялық зерттеу үшін клиникалық практикада биопсия пайдаланылады, ол үшін тірі мал денесінен,бауырдан ұлпа немесе ағза бөлігін алады. Оны алу үшін Ников троакарын, жан-жақты Уша инесін немесе Дугин троакарын пайдаланады.
Биопсия жасашын түс сиырда, оң жақ қашалының 11-қабырға аралығынан 2-3 см сербек сызығынан төмен бәсең дыбыс ортасы, биопсия жасағанда лапароскоп аспабы арқылы байқап көріп отырады.
Жылқы бауырын зерттеу өте қиын, себебі жылқы бауыры басқа малға қарағаңда өзгеше орналасқан, оны пальпациялауға да перкуссиялауға да болмайды.
Ал егер бауыр ұлғайған болса, онда оның көлемі де өзгереді, бәсеңдеу дыбыс 10-17-қабырға аралығында байқалады.
Биопсияны малдың оң жақ бүйірінен 14-15 - қабырға аралығынан, сербек немесе шондонай сызығы тұсынан жасайды.
Шошқаның бауыры оң жақ бүйірінің көп бөлігін және 12 -қабырғаға дейін алып жатыр, ал сол жақ бөлігі 10 - қабырғаға дейін орналаскан. Шошқаның бауырын зерттеу ет қоректілерді зерттегендей. Шошқа бауырын зерттеу оның сыртқы тері астымайының қалындығына байланысты өте қиынғасоғады.
Ет қоректілерде бауыр құрсақ қуысы ортасында және екі жақ қапталынан бірге жүргізе отырып, салыстыра зерттейді.
Бауырды пальпациялау ет қоректілерде алдымен оның тұрған күйінде екі қолмен сипау арқылы оң және сол жақ қабырғалар қосылысын немесе доғасын ұстап, сонан соң сипап қарау арқылы бауырының көлемін, сезімталдығын және бөтен қасиеттерін,сол тұстың аумағы өзгерістерін анықтайды. Онан кейін малды ұстап тұрып, жатқызып және тұрғызып қойып немесе қапталына, не арқасына жатқызып сипап көреді.
Сау иттерде және мысқтарда бауырды зерттеу өте қиын. Ал бауыр ұлғайғанда оны пальпациялау арқылы анықтауға болады. Перкуссиялау әдісімен бауырдың сәл бәсендеген дыбысын анықтайды. Ол үшін тұрғызып қойып тексеру керек, Негізгі жаңағы айтылған бәсең дыбыс иттерде оң жақ капталында 13 -қабырғаға дейінгі аралықта, ал сол жақ қапталының шеті - 12 -қабырғаға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |