«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет58/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Байланысқан тұз қышқылын (НСІ) анықтау. 5 мл қарын сөліне индикатор есебінде 1-2 тамшы 1 % ализарин ерітіндісін қосқанда сары түске боялады. Сонан саны 0,1 н NaОН ерітіндісімен титрлағанда сары түстен сия көкке боялады. Ализарин ерітіндісі көмегімен байланыскан тұз қышқылынан басқа барлық қышқылдарды анықтауға болады. Байланысқан тұз қышқылы мөлшерін білу үшін жалпы қышқыл санынан ализарин көмегімен анықталған қышқыл молшері санын алып тастау арқылы анықталады, яғни 100 мл қарын сөлінде қанша байланысқан НСІ бар екенін анықтаймыз.
Тұз қышқылының (НСІ) жетіспеуін анықтау. Малдың қарынсөлінде тұз қышқылының жетіспеуін анықтау үшін сол қарынсөлінде байланыспаған НСІ болмауы керек. Сондықтан, осы әдісарқылы 100 мл қарын сөлінде қанша байланыспаған НСІ барекендігін анықтауға болады, өйткені 0,1 н НСІ ерітіндініңқаншалықты кеткенін білуге болады.Ол үшін 5 мл қарын сөліне 1-2. тамшы 0,5 % спирттіңдиметиламидобензол ерітіндісін қосамыз да,оны 0,1 н. НСІ ерітіндісімен титрден өткіземіз, яғни қызғылт түскедейін, 100 мл қарын сөліне кеткен титр саны НСІ - жетіспеуі болып есептелінеді.
Малдың өт пигменттерін анықтау. Қарын сөлінде өтпигментінің болуын көзбен көруге болады, дегенмен де бұғанхимиялық сынама жүргізіп, оның керек болған жағдайда санынанықтауға болады. Өйткені бұл әдіс арқылы сапалы мағлұматаламыз. Сондықтан оны тексерудің маңызы өте зор. Тексеру тәсілітұп-тура зәр зерттегендей, соған сәйкес келеді.
Қарын сөліндегі қанды анықтау. Негізінен қарын сөліндегі қанды жай көзбен көру арқылы анықтауға болады, өйткені қан қарын сөлі түсін қоныр түске бояйды. Дегенмен химиялық тексеру әдісі мен микроскоп арқылы зерттеу тиімді және сапалы, сондықтан осы айтылған зерттеудің маңызы мен мәні зор. Бұл да мал нәжісі мен зәрін зерттегендей тәсілдермен анықталады.
Пепсиннің азық қорыту қабілетін анықтау. Азық қорытуға пепсиннің қатынасын қарын сөлінде болуын анықтау үшін Метта 1 тәсілі пайдаланылады. Ол үшін стаканға 10-15 мл қарын сөлін 1 құйып, оған ішінде ұйытылған жылқы қаны бар 1-2 шыны 1 түтікшені саламыз да, 24 сағат уақыт аралыққа дейін 38-39°С термостатта ұстаймыз. Соған қарап түтікшедегі белоктың қаншалықты қорытылғанын анықтауға болады, оны арнайы көрсеткіш қағазы арқылы білуге болады. Пепсинді анықтаудың маңызы зор, өйткені оның ауру тануға қатысы көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет