Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Орхон жазбалары және тарихи шындық



бет4/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Орхон жазбалары және тарихи шындық. Орхон өзені бойынан табылған бұл ескерткіштер текстінде түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді кеңіненпайдаланып келеді. Алайда тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес.
Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу VI-VIIIғ түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері, «шешендік өңердің және батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын сақтаған» көркем туынды болып саналады.
Түріктер бұрын жужан қағанатына бағынышты, вассал болатын. Түрік тайпаларының көсемдерінің бірі Бумын жужан қағанатына вассалдықтан құтылу үшін оған қарсы соғыс ашпақ болды. Бумын жужан ханы Анахуанға «қызынды маған әйелдікке бер» деп талап қойды. Бұл жужуан ханның намысына тиді. Өйткені дала дәстүрі бойынша ханның қызын алу – ханмен теңесу, терезесі тең болу деген сөз еді.
Бумын өлген соң інісі Қара-еске таққа отырады. Олда Орхон өзені бойында аварларды екінші рет женеді. Қара-Ескеннің мұрагері де інісі болады. Ол қаған тағына Мұқан-қаған деген атпен отырады.Бұл кезенде Түрік қағанатының күш –қуаты онан сайын артып, атақ-данқы жер жарған кезең болатын.Аймағы – шығысында Корея бұғазынан бастап, батысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатады.
Егер Күлтегін жазуының авторы – Иоллығ- тегін Түрік қағанатының шежіресін тарихшы ретінде мақтап жазғысы келсе, қағанаттың атақ-данқы өрлеп тұрған кезеңіне тоқталмай өтпес еді. Автордың мақсаты – «көк түркілердің» тарихын жазу емес, түрік халқының бұрынғы дәстүрін өз замандастарына идеал етіп көрсету болып табылады. Ол түрік қағанатының гүлденген дәуірін Бумын қағанның есімімен байланыстырады. Автор үшін Бумын қаған түркілердін қуатты болған заманын оқушысына елестететін символ ғана. Одан кейін билік жүргізген аса даңықты қағандардың бірде-бірін ауызға алмайды. Иоллығ-тегіннің мақсаты түрік қағандарының есімдеоін, жасаған ерліктерін, тарихи деректерді шетінен жіпке тізіп, жылнама шежіре жазу емес, түрік елін бір кездегідей ауыз бірлікке, ата-баба дәстүріне берік болуға шақыру.
Күлетегін ескерткіштерінің авторын қатты қызықтыратын нәрсе – түкі елінің ішкі және сыртқы жағдайы емес, «іші ассыз, сырты – тонсыз, бейшара мүсәпір халықты» Білге қаған қалайша дәулетті, бақытты екенін оқушысына көркем сөз арқылы жеткізу болып табылады. Тарихшы-ғалымдар Орхон ескерткіштерінің авторы өзі өмір сүрген дәуірдегі бірқатар тарихи оқйғаларды адейі бұрмалап жазғанын дәлелдеп отыр.Мәселен,түріктердің 701-702 жылдардағы жарықтарын Қапаған қаған басқарғаны жылнама-шежірелерден жақсы мәлім.
Тарихи оқиғаларды осылайша бұрмалап көрсету Орхон жазбаларында жиі кездеседі.
Сонымен,көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон текстіндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып,Күлтегін,Білге қаған және Тоныкөк ескеркіштері жылнама шежіре емес,сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.


3 – лекция. Күлтегін және Тоныкөк жырлары
Күлтегін (684-731ж өмір сүрген) – ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы. Ол Құтылұғ қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарды. Қапаған соғыста өлген соң күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындады.
Міне, осы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кенесшісі, ақылгөй қария тоныкөк құрметіне VIIIғ тасқа қашап жазылған ескерткіш-жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В.Стеблева болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет