Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Уақыты
Кезеңдері
Тапсырма
Тапсырманың мақсаты
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Бағалау
Ресурстар
1 минут
1 мин
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, оқушылар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.
Бүгінгі сабақта:
Сіздің білетініңіз:
• табиғаттағы азот пен көміртегі айналымын біледі ;
Сіздің меңгеретініңіз:
• азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құрады;
Биосферадағы биохимиялық үдерістер химиялық элементтер мен олардан тұратын заттардың белгілі бір тірі ағзадан келесісіне үздіксіз ауысуымен , олардың жансыз табиғатпен өзара алмасуымен сипатталады . Бұл үдеріссіз жалпы ағзалар денелерін түзе алмайтын еді және тіршілік болмайтын еді . Сонымен қатар элементтерді тірі ағзалар ғана сіңіре берсе , бұл кезде жансыз табиғатқа қайтарылмаса , онда олардың барлығы таусылып , тіршілік тоқтайтын еді .
Табиғатта көміртек айналымы үздіксіз жүреді , себебі көміртек құрылымдық негізді – барлық органикалық заттардың негізін құрайтын элемент . Қазіргі кезде атмосферада көміртек көмірқышқыл газы – , түрінде болады . Оның мөлшері салыстырмалы түрде көп емес және бар - жоғы ауада 0,03 % , құрайды . Фотосинтездеуші тірі ағзалар пайда болғанға дейін оның мөлшері едәуір жоғары болды және 5-0,5 % -ға жетті . Атмосферада көміртек қайдан пайда болады ? Көмірқышқыл газы - , негізінен фотосинтез үдерісі барысын да сіңіріледі . Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газы молекуласынан көміртекті алдымен глюкозаға , кейін кез келген органикалық заттардың құрамына қосады . Жануарлар өсімдіктермен қоректеніп , нәруыздар , майлар мен көмірсулар құрамына кіретін көміртекті алады . Өсімдіктердің де ( түскен жапырақтар ) , жануарлардың да бөліндісінен ( қи ) көміртек шіру үдерісінде атмосфераға қайтарылады . Және жануарлар мен өсімдіктердің тыныс алу кезінде. Шіру, жану нәтижесінде де көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады. Бұл үдеріс ағзалар тіршілігін жойған кезде де жүреді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.
Азот айналымы көміртек айналымына қарағанда күрделі . Азот міндетті құрамбөлік ретінде барлық нәруыз бен нуклеин қышқылдары құрамына кіреді , бірақ майлар мен көмірсулар құрамында болмайды . Ат мосфера құрамындағы азотты сіңіруге қабілетті ағзалар фотосинтездеуші ағзаларға қарағанда едәуір аз . Атмосфера құрамындағы азот мөлшері өте көп ( шамамен 78 % ) . Өсімдіктер азотты тікелей ауадан сіңіруге қабілетті емес . Олар құрамында азот бар қосылыстарды – топырақтан нитраттарды ( NO3 ) сіңіре алады . Сондықтан азот айналымының маңызды міндеті – оның атмосферадан газтәрізді күйден N2 , өсімдіктерге сіңімді топырақ қосылыстарының құрамына айналуы болып табылады . Бұл үдеріс азот ты бекіту ( фиксация ) деп аталады . Азотты бекітудің екі типі бар :
1 ) атмосфералық бекіту – найзағай болғанда көбінесе азот оксиді : N2 , - NO2 , түзіледі . Ол кейін тотығып , сумен әрекеттескен кезде топыраққа түсетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу нитраттар ( NO3 ) түзеді ;
2 ) биологиялық бекіту - ағзалардың негізгі екі тобы : бұршақ тұ қымдас өсімдіктердің тамырларымен селбесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары және фотосинтездеуші цианобактериялар ( көк - жасыл бал дырлар ) арқылы жүзеге асырылады . Олар да ауа құрамындағы азот ты аммиакқа NH3 айналдырады . Ағзалардың бұл екі тобы атмосфера құрамындағы азотты сіңіру қабілеті бар бірден - бір ағзалар басты рөл атқарады - ( азотты тірі ағзалар үшін қолжетімді күйге айналдырады ) . Мысалы , бұршақ тұқымдас өсімдіктер әртүрлі бактериялармен селбесіп тіршілік етіп , көктем - жаз маусымдарында 1 га * жерде топырақта 150 400 килограмға дейін азотты заттар түзуге қабілетті . Сонымен қатар азотты қосылыстардың бір бөлігі жануарлар бөлетін несепнәрмен (CO( NH2) және әртүрлі ағзалардың тіршілігін жойған бөліктері не денелері арқылы топыраққа түседі . Оларды аммонифи кациялаушы және нитрификациялаушы бактериялар түрлендіреді . Нәтижесінде өсімдіктерге қолжетімді заттардың бір бөлігі ( нитраттар NО3 , және нитриттер NО2 , ) түзіледі . Органикалық заттардың шіріген , ыдырап жатқан басқа бөлігі денитрификациялаушы бактериялар әсе рінен кейін газтәрізді азотқа ( N2 ) айналады да , кері атмосфераға қайтарылады.
Дескриптор: А,Ә,Б,В,Г,Д әріптерінде жүретін үдерістерді анықтап, сызба құрады.
Дескриптор:
1,2,3,4,5 сандарында жүретін үдерістерді анықтап, сызба құрады.
Слайд 6
Бекіту
Азот айналымы мен көміртек циклінің арасындағы негізгі айырмашылық мынада: азот циклы азоттың бірнеше химиялық формаларға айналуын және атмосфера, жер үсті және теңіз экожүйелері арасындағы айналымды сипаттайды, ал көміртегі циклі көміртегі мен оның бірнеше химиялық формаларының арасындағы қозғалыс сипаттайды. атмосфера, мұхиттар, биосфера және геосфера.
Табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін экожүйеде биохимиялық циклдердің маңызы зор. Сондықтан, экожүйенің көптеген элементтері үшін біз экожүйенің әр түрлі компоненттері арқылы элементтің қозғалысын жинақтайтын циклды сызуға болады. Циклде элементтер күрделі молекулаларға айналады және кейінірек ыдырауда қарапайым молекулаларға бөлінеді. Барлық циклдарда абиотикалық болып келетін үлкенірек су қоймасы бар. Азот айналымы, көміртек циклы, фосфор циклі және гидрологиялық циклдер табиғаттағы маңызды биохимиялық циклдер болып табылады. Сондықтан, заттардың велосипедін түсіну және велосипедті тиімді жүргізу қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін маңызды.