«Византия (Шығыс Рим империясы) империясы»


Византия құрамы және халқы



бет2/6
Дата11.03.2022
өлшемі1,62 Mb.
#135260
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Византия (Шығыс Рим империясы) империясы

Византия құрамы және халқы

  • Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді.
  • Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, тағыда басқа) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды.

Византия тарихы кезеңдері

Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді.

  • Бірінші кезеңде (4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император Юстиниан Iның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады.
  • Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 жылы крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
  • Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 жылы Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет