«Византия (Шығыс Рим империясы) империясы»



бет6/6
Дата11.03.2022
өлшемі1,62 Mb.
#135260
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Византия (Шығыс Рим империясы) империясы
эссе Жеткіншек пен ересектердің өзара қарым-қатынасы, diplom, Дипломная метафора в публицистике, Диссертация Манапбаева Защита, МХ 2023, Ілияс оқулары Оқу-ағарту Мин. хаты, Ережесі, Лекция № 3

VIII ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы - орыстардың шапқыншылығы басталды. Олар қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Византия елдеріне шабуыл жасап тұрды. 860 жылы орыстар Константинополь қаласына дейін келді. Византиямен келісім жасап, кері қайтты. 907 жылы орыстар тағы да астана маңындағы елді мекендерді тонап кетті. 941 жылы Константинополь түбінде орыстар «грек отының» көмегімен талқандалды. 971 жылы византиялықтар орыстарды Болгариядан қуып шығарды. 988 жылы Киев Русі Византиядан христиан дінін қабылдады. Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында достық қатынастар басталды.

Арабтар шапқыншылығы

Арабтар шапқыншылығы

VII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауіп төндірді. арабтар Византиядан оның ең бай жерлерін - Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны, Египетті тартып алды. Араб әскерлері Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны басып ала алмады. арабтардың Византия жерін оңай басып алуына негізінен аймақтардағы халықтардың жоғары алым-салыққа наразылығы себеп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде карсы алып отырды.

VII ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды. Сыртқы шапқыншылықтар салдарынан империя аумағы үш есе кеміді. Тек VIII ғасырдың ортасында ғана Византия арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып кірді.

Арабтардың жорығынан кейін қол астында тек Грекия жерлері мен Анадолы түбегі қалды.

14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 жылы 29 мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет