13-Тақырып. Салыстырмалы саясаттану.
1.
Салыстырмалы саясаттанудың объектісі және пәні.
Салыстырмалы саясаттану – саяси
ойлау бағытының бірі, саяси ғылымның қалыптасқан айырықша бӛлімі ретінде, саяси
білімдермен зерттеулердің арнайы саласы болып табылады. Салыстырмалы саясаттану
ӛзінің теориялық құралдары мен әдістері арқылы нақты саяси процесстерге, билік
институттарына, терең анализ жасауға кӛмектеседі. Саяси зерттеулерде салыстырмалы
саясаттанудың объектісі болып әртүрлі қоғамдағы биліктің тармақтары болып табылады.
Ал пәніне біркелкі саяси құбылыстарды салыстыра отырып оқытуға, мысалы саяси
жүйелер, саяси режимдер, саяси партиялар мен қозғалыстар, мүдделі топтар мен элиталар,
сайлау жүйесі, саяси функцияларды және т.б. іске асырудағы әркелкі мүмкіндіктер бірлігі.
Мақсаты болып олардың жалпы және ерекше қасиеттерін, белгілерін, түрін, саяси
ұйымдардың маңызды тиімді формаларын немесе міндеттерді шешу жолдарын табу
болып табылады.
2.
Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың пайда болуы және әдістері.
Салыстырмалы
саясаттануды кең мағынасында саяси құбылыстарды (салыстырмалы) компаративтік
тұрғыда анықтауда саясаттанудың әдісі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл әдісті
антикалық әлемде Платон, Аристотель т.б. қолданған. Әсіресе салыстырмалы әдіс
әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда ХІХ ғасырда кең түрде қолданылды. ХІХ ғ.
аяғында салыстырмалы саясаттанудың әдістемесі қалыптасты. Оның алғашқылары болып
Э.Фримен «Сравнительная политика» (1873ж.) жатады. Салыстырмалы бағдарламадағы
ізденіс ХХ ғ. жалғасты. 1940 ж. М.Фортес және Е.Притгордың «Африканские
политические система» деген кітабының жарыққа шығуымен салыстырмалы
саясаттанудың пайда болуында біршама рӛл атқарған саяси антропологияның тарихы
басталды. Салыстырмалы саясаттану ӛзіндік ірі бӛлім ретінде саяси ғылымдардан 50-
жылдары бӛлініп шықты. Бұл уақытқа дейін саяси ғылымның әдістеме арсеналында және
оның түсінікті категориялды аппаратында саяси жүйенің – жаңа концепциялары жасалып
саяси рӛлдер және оның қызметі, саяси құрылым, саяси мәдениет, әлеуметтану т.б.
қолданыла бастады. Саясаттануда антропологиялық, әлеуметтік - психологиялық,
мәдениеттанулық концепциялар, сонымен қатар тарихи әлеуметтанудың теориясы мен
тәсілдері және әлеуметтанудың ӛзі айқындалып белгілі болды. Салыстырмалы
саясаттануға осы жаңа құбылыстарда интеграциясын, тенденциялармен жетістіктерді
саяси ғылымды дамытудың жаңа сапалы басқышына кӛтеру жүктелді. Жаңа бағыттың
ӛзіндік манифесі болып Г. Алмонданың «Сравнительные политические системы» (1956ж.)
шыққан статьясы болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында салыстырмалы саясаттанудың
методологиялық принциптерін жасауға арналған жұмыстар теориясы жарық кӛрді. Р.
Чилкотаның «Теории сравнительной политики» (1981ж.), Р. Мерританың «Системный
подход и сравнительной политике» (1970ж.) кітаптары болды.
Достарыңызбен бөлісу: |