Аяққа тұрғаннан кейінгі жаттығулар;
1. Біреудің көмегімен немесе балдақпен жүріп жаттығу. 2. Екі аяқтың басын бір-біріне жабыстырып ұстап, өкшені жоғары көтеріп түсіру .
3. Бір аяқтың ұшымен тұрып, екінші аяққа салмақ түсіру.
4. Бір сызықтың үстінде тұру.
5. Жалғыз аяқпен тұрып, екіншісін жоғары көтеру.
6. Еденнің үстінде әрі-бері денені түзу ұстап жүру.
7. Бір сызықтың бойымен жүру.
8. Басты оңға, солға бұру. Қайталау 5-6 реттен.
9. Иықты кезекпен құлаққа дейін көтеру. Қайталау 4-5 реттен.
10. Қолды білезік буыннан айналдыру. Әр бағытқа 8-10 реттен.
11. Екі қолды жоғары ұстап, қайшылап төмен қарай түсіру. Қайталау 4-5 рет.
12. Екі қолды денемен түзу ұстап жанымен жоғары көтергенде тыныс алып, төмен түсіргенде тыныс шығару. 2-3 рет.
13. Аяқты алшақ ұстап 1 қолды ішке қойып екінші қолмен шеңбер жасай айналдыру. Тыныс алу бір қалыпты. 4-5 реттен.
14. Аяқты алшақ ұстап тізе буыннан оңға, солға айналдыру. 4-5 реттен.
Достарыңызбен бөлісу: |