Бел радикулитіндегі ЕДШ
Бұл ауру әр түрлі жастағы адамдарда кездеседі. Ауырсынудың басты себептері бел аумағындағы омыртқа аралық буындардың өзгеріске ұшырауы. Нерв жүйелерінің жарақатында трофикалық өзгерістер және контрактура пайда болады. Аурудың беті қайтып, асқынуы басылғаннан кейін Е.Г. тағайындалады. Сондықтан ЕДШ-дың пайдасы мол. Е.Г негізінен саусақ қолдарға барлық бұлшық еттер тобына жасалады.
Қарсы қөрсетілімі; емдік гимнастиканы омыртқа аралық қалташаларда (грыжа) жұлынның қысылуы белгісінде жоғары температура, ЭТЖ нәтижесі жоғары болғанда, қан анализінің өзгерісінде қолдануға болмайды.
Жаттығу жасағанда радикулиттегі және омыртқадағы ауырсыну белгілерін ескере отырып жасаған дұрыс. Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буындарын бүгіп- жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Жаттығу 10-15 минут, кейін 20-25 минутқа жеткізіледі. Палаталық режимге қөшкен кезде мынандай жаттығулар жасалады; науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Сонан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жаққа кезек иіліп, денені осьтің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді. Қимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді. Аяққа әр түрлі жаттығулар жасау. Науқасты шалқасынан жатқызып 2 тізесінің астына жастықша қояды. Ал ішпен жатқызғанда іш бөлігіне жастық қояды және кушеткаға жатқызып, басының астына жастық қойып 15-40градусқа қояды. 3-5 мин бастап 30мин дейін созып қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |