Шеткері (перифериялық) нерв жүйесі ауруларындағы ЕДШ Шеткері нерв жүйесі ауруларына невриттер жатады. Неврит нерв талшықтарының қабынуы, ал невралгия – нерв талшықтары бойымен сырқырап ауыру. Нерв талшықтарының жарақаттанған бөлігіне байланысты нерв түбінің қабынуы – радикулит, нерв өнімдерінің қабынуы – плексит, бір нерв талшығының қабынуы – мононеврит, бірнеше талшықтың қабынуы – поленеврит деп аталады. Нерв талшықтарының қалпына келуі өте жай болғандықтан емдеу мерзімі ұзақ жүреді. Сондықтан әуелгі кезде адамның өзі орындай алатынқарапайым жаттығулар жасалады. Әр қимыл-қозғалыс ыңғайлы қалыпта баяу, асықпай жасалуы керек. Жүйке жүйелері жарақаттанғанда клиникалық белгілері түрлі дәрежеде болады. Шеткі нерв жүелерінің ауруларындағы Е.Г. мақсаты: Науқастың денсаулығын жақсартуға, нығайтуға әсер ету.
Қан айналысын жақсарту және трофикалық әсерін жақсарту.