2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет14/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
2.1.1.1.2. сурет. ЖӨӨ құрылымы


ЖӨӨ құрылымы, %



Көрсеткіштер/жылдар

2013

2014

2015


Барлығы, оның ішінде:

100

100

100

1

Өнеркәсіп (барлығы)

5,6

5,5

4,6

1.1.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

4,6

4,6

3,8

2.

Ауыл шарушылығы

0

0,04

0

3.

Құрылыс

2,7

2,9

2,7

4.

Сауда

33

33,5

35,6

5.

Көлік және қоймалау

5,1

5,9

5,5

6.

Ақпарат және байланыс

7,2

6,6

6,4

7.

Қаржы және сақтандыру қызметі

8,6

8,3

8,7

8.

Басқа салалар

37,8

37,2

36,5

Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті


2.1.1.1.2. кесте. ЖӨӨ көлемі және құрылымы

Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2013

2014

2015

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

7 127,9

8 143,6

9100,0

Нақты көлемінің индексі

%

114,3

106,8

104,2

Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың. теңге

5044,5

5247,9

5 439,6

ҚР ЖӨӨ-ің жалпы көлеміндегі қаланың үлес салмағы

%

19,8

20,5

22,3

Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми статистика ұйымдары


Еңбек өнімділігі
Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады. Алматы қаласының көрсеткіші жұмыспен қамтылған жан басына есептегенде 61,9 мың АҚШ долларын құрайды, бұл Мәскеу қаласынан 15% артық және Варшавадан 42% кем.
Алайда ішкі секторлар арасында өнімділік бойынша біршама айырмашылықтар байқалады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты адамның қатысын көп қажет ететін секторлар көшбасшылардан ондаған есе (жылжымайтын мүлік операциялары және сауда) артта қалып отыр.


2.1.1.1.3. сурет. Салалар бойынша еңбек өнімділігі, 2015ж.


Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті


Алматы нақты сектордағы еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, мұнда еңбек өнімділігі Алматыдағы сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен. Бұл жағдайда егер ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндіруші өнеркәсіптің деңгейі есептеу базасының төмендігіне байланысты көрсетілмеген деп алатын болсақ, құрылыс (2014 жылы 19 мың АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіп (37 мың АҚШ доллары) салалары біршама жақсару аймағы болып табылады. Аталған салаларда жұмыспен қамтылған халықтың 15% астамы жұмыс жасайды және олардың үлесіне ЖӨӨ 8,8% тиесілі болады. Осылайша, 2015 жыл қорытындылары бойынша қала өңдеуші өнеркәсіптің өнімділігі бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жеткен жоқ. Аталған көрсеткішке қол жеткізу коэффициенті 0,78 құраған. Көрсеткіштердің төмен болуы заманауи өндірістің жеткіліксіз дамуына, сонымен қатар, көлемінің салыстырмалы шағын болуына байланысты болып отыр.



2.1.1.1.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:
- халықаралық деңгейдегі постиндустриалдық мегаполис ретінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ өсім факторларының бірі инвестициялар болып табылады;
- еңбек өнімділігінің өсуін жеделдету, өндірістің одан әрі дамуына қолайлы жағдай;
- Алматы агломерациясының елді мекендерінің тұрақты еңбек, мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстары бар.



Әлсіз жақтары:
- жалпы республика экономикасын дамытуға сыртқы факторлардың ықпалы, сондай-ақ теңгенің құнсыздануы, ол халықтың сатып алу қабілетін төмендетуі мүмкін;
- Қазақстанда жоқ, өзіндік бәсекелестік басымдықтары бар көрші елдер тарапынан инвестициялық ресурстарға бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы;
- әсіресе өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің төмендігі.



Мүмкіндіктер:
- бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (мемлекет активтерін);
- нақты экономика секторын қолдау және және кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляция деңгейін төмендету;
- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қолдау;
- қалада инвестициялық белсенділікті жақсарту және басым жобаларды іске асыру.



Қауіп-қатерлер:
- дағдарыс үдерістері экономиканың барлық дерлік салаларын қамтиды, қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өсімнің теріс мәніне әлеуетті енеді. Өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық көбейеді, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді, капиталдың сыртқа кетуі, тұтыну құнының артуы. Қаланың ЖӨӨ бұл жағдайларда тоқыраушылық жағдайда болады.
- Қаржылық сектордың елдің астанасына кетуі қаланың ЖӨӨ төмендеуіне және білікті мамандардың кетуіне әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ басқа секторлардан (қызметтер, сауда) түскен пайданы қосымша алып кетеді.



2.1.1.2. Өнеркәсіп

2015 жылы Алматы қаласының өнеркәсібі 1 542 кәсіпорыннан құралады, олардың 7,1% ірі және орта кәсіпорындар санатына жатқызылады. Олар қала индустриясының негізін құрайды және өнеркәсіптік өнім көлемінің 77,5 % өндіреді.


2015 жылы Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 646,3 млрд. теңгеге жеткен, нақты өсім соңғы 3 жылда 3,7% құраған.
Осы орайда агломерация аймағына енетін қала маңындағы аудандар Алматы облысының өнеркәсіптік өндірісінің 80% жуығын қалыптастырады.
2013-2015 жылдардағы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекс көрсеткіші тұрақты үрдісті көрсетіп, 2013 жылы біршама артқан және 2015 жылы төмендеген. Осылайша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша қала Алматы қаласының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жете алмаған (жетістік коэффициенті 0,99). Құлдыраудың негізгі себептері шикізаттың өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай 80-120%-ға қымбаттауы, Медеу және Түрксіб аудандарында өндірістің төмендеуі, нәтижесінде өндірілетін өнімге тапсырыстар мен сұраныстың төмендеуі. 9 кәсіпорын толығымен тоқтап тұрған, 31 кәсіпорын өндірістің 50%-дан астам төмендеуіне жол берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет