3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет6/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Сөйлеу аппараты.
Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, (кішкене тіл), тіс ерін, иек т.б.
Өкпе - тыныс мүшелерінің бастысы. Өкпе көрік сияқты, бірде ауаны сыртқа теуіп, бірде ауаны ішке тартып тұрады. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан (бронхи) тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді де, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Сөйтіп, тыныс мүшелері қызметінің бірі – дем шығару, екіншісі демді ішке тарту болады.
Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ – кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы бар. Бұл ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасады.
Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады.
Кейбір үнді дауыссыздар (м, н, ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Тілімізді дауысты фонемалардың түрлі-түрлі болып келуі, әр алуан түрге бөлінуі ауыз қуысындағы жаңғырықпен байланысты. Сол сияқты дауыссыз фонемаларды жасауда да ауыз қуысы резонатор болып, оларға түрлі өң береді.
Дыбыстау мүшелерінің бір бөлігі жылжымалы келеді. Олар – актив мүшелер. Бұлар түрленіп, құбылып тұрады. Алуан түрлі дыбыстардың барлығы актив мүшелердің қимылы арқылы жасалады.
Тіл дыбыстарын, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы білу шарт. Дыбыстардың анатомиялық-механикалық жақтарын білудің теориялық мәнімен бірге практикалық маңызы да бар.
Дыбыстау мүшелерінің қызметін түбегейлі білгендер ана тілінің де, өзге тілдің де дыбыстарын, сөздерін қатесіз, дұрыс айтады. Қиналмай меңгереді.
Жылжымалы актив мүшелерге:
1) Тіл жатады. Тіл - өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені, орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы жоғары тіске тиюінен тіс дыбыстары (т, д ..), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады. Дыбыстар осылай тілдің өзге мүшелеріне тиюі, не жуықтауына қарай соның атымен топтастырылады. Ал тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ, у), алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ү) жасалады.
2) Ерін. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі еріннің қызметі басым. Екі еріннің жымдасуынан б, п дыбыстары пайда болса, бірде астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан ф, в дыбыстары жасалады, ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы түрлі дыбыстар, айталық ү, о дыбыстары жасалады.
3) Таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай алғы, орта, артқы таңдай болып бөлінеді. Алғы таңдай күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолмен) ұштасады. Дауыссыз дыбыстардың осы альвеол арқылы да жасалатындары бар.
4) Иек. Иек (мұрынмен ұласып жатқан тіл) төмен түскенде, ауыз кең ашылады да, жоғары көтерілгенде, ауыз тар ашылады. Осыған орай қазақ тілі дауыстылары анық (а, ә ...), қысаң (ы, і...) болып бөлінетінін білеміз.
Мұрын қуысы арқылы м, н, ң, үнді дауыссыздары жасалады. Ал басқа дауыссыздар мен дауыстылар айтылғанда, фонациялық ауа ауыз жолы арқылы шығады.
Сөйлеу техникасына төселу жолдары: дұрыс тыныс ала білу, дауысты жаттықтыру, дикцияны (үн реңкін) қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет