3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет8/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Сымтетік

Сылдыр етті сымтетік.



  • Бұл кім?

  • Піл.

  • Өзің кімсің, бұл қайдан?

  • Түйеден.

  • Сізге не керек?

  • Керек еді шоколад.

  • Кімге?

  • Менің балама.

  • Көп керек пе?

  • Азырақ.

  • Бес-алты пұт жетеді,

Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды.
Балам әлі өскен жоқ.


(К. Чуковский)

6) Алдымен мәтіндерді іштей оқып алыңдар, содан кейін тыныс алу ережесін дұрыс сақтай отырып, дауыстап оқыңдар. Әр сөзін анық айтыңдар.




Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.



  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті.

Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
Көжек пен кірпі

Әп-әдемі ақ көжек кірпіге кеп:



  • Туысқан-ау, киімің қандай жаман еді, толған тікен ғой өзі, - деді.

  • Ол рас. Бірақ осы тікендерім мені ит пен қасқырдың тісінен қорғайды. Ал сенің әдемі түгің өзіңе менікіндей пана бола ала ма? – деді кірпі.

Көжек жауап қатпай, ауыр күрсінді.
(К.Ушинский)


Бақылау жаттығулары

Мәтінді дауыстап оқып, тыныс алу ережесін қолданып, өзіңе өзің бақылау жаса.


Қ о т ы р т о р ғ а й


(Ертегі)

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:



  • Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам ба, - деп, ешкіге келіп

  • Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді. Ешкі:

  • Оны жемек түгілі, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені қасқырға айтпасам ба.

  • Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?

  • Оны жемек түгілі, байдың жабағысын тауыса алмай отырмын. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба.

  • Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:

  • Оны ұрып алмақ түгілі, өзімнің ұйқым қанбай тұр. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені байға айтпасам ба. Байеке, байеке, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:

  • Оны ұрмақ түгілі, қоспамды тауыса алмай отырмын. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені тышқанға айтпасам ба.

  • Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:

  • Оны жемек түгілі, өз інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені балаларға айтпасам ба.

  • Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

  • Оны ұрмақ түгілі, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:

  • Қап, бәлем, сендерді кемпірге айтпасам ба.

  • Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:

  • Оларды ұрмақ түгілі, өзім жүнімді сбай алмай жатырмын. Торғай:

  • Қап, бәлем, сені құйынға айтпасам ба.

  • Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?

Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір келіп балаларды ұрады, балалар тышқанды ұрады, тышқан байдың қоспасын жейді, бай жылқышыны ұрды, жылқышы қасқырды ұрды, қасқыр ешкіні жеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет