3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері



бет14/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Эксперимент әдісінің түрлері

Тәжірибенің екінші бір түрі - Табиғи эксперимент деп аталады. Табиғи

Экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдіс байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін , еркін зерттеу керек болса , бұл үшін психолог қандай болмасын тір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелер бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын мұғалімдер үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы ( оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабаққа үлгеру мен тәртіптілігін арыттыруға мүмкіндік алады.

Бір тәжірибеде 3-4 жастағы балалардың ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текістегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқұаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылық образдарды қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде балалардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.[6. 27 б.]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет