54
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.
Білемін
Білдім
Білгім
келеді
Қосымша тапсырма
Оқулықтың 125-бетіндегі «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындаңдар.
1. Жанқожа мен Есет батырлар бастаған көтерiлiстердегі Ресейдің, Хиуа
хандығының және көтерілісшілердің ұстанымдарын салыстырмалы түрде
көрсететін кестені толтырыңдар.
Ресейдің
ұстанымы
Хиуа хандығының
ұстанымы
Көтерілісшілердің
ұстанымы
2.Хиуа-қазақ
қатынасындағы діні, тілі және дәстүр-салттары жақын
халықтардың арасын аша түскен себептер қандай?
3. Қоқан бектерiне қарсы қазақтардың көтерiлiсiнің
Хиуа хандығына
қарсы көтерілістен қандай айырмашылығы бар?
4. Хиуа және Қоқан хандықтарына қарайтын аймақтарды картаға белгі-
леңдер.
§31–32. ресей империясының Қазақстанның оңтүстік
аймақтарын қосып алуы
1-сабақ. Қазақстанның оңтүстік аймақтарының ресей империясына
қосылар қарсаңындағы жағдайы.
сабақтың мақсаты.
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
зерттеу сұрағы
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының
ерекшеліктері қандай?
Оқулық
Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы.
112–118 беттер.
Тірек сөздер: ағылшындар, Хиуа хандығы, Бұхара хандығы, Ұлыбритания.
ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.І-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
3. История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010.
55
Көрнекілік
Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатының бағытын көрсететін
карта, Верный бекінісінің 1857 жылы салынған суреті, Ресейдің Қазақстанды
отарлау кезеңдерін көрсететін карта.
Достарыңызбен бөлісу: