84
XIХ ғасыр – XX ғасырдың БасыНдағы
ҚазаҚсТаН МӘдеНиеТІ
§ 47. рухани мәдениет және отбасылық
салт-дәстүрлер ерекшеліктері
сабақтың мақсаты
7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен ма-
ңыздылығын анықтау
зерттеу сұрағы
Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің
гүлденген дәуірі деп саналады?
Оқулық
Рухани мәдениет және отбасылық салт-дәстүрлер ерекшеліктері. 164–167
беттер.
Тірек сөздер: қонақжайлылық, шілдехана, бесікке салу, ат қою, бата алу,
асар жасау.
ресурстар
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011-2014.
2. Матыжанов К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы:
Арыс баспасы,
2007. 332 б.
3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.
Көрнекілік
Фотослайд. Ұлттық ойындардан деректі фильмдер үзіндісі. Мектеп
кітапханасының тақырыпқа сай кітап көрмесі.
Мақсатты айқындау
Сабақ барысында
қазақ халқының үйленуге қатысты дәстүрлерімен,
байырғы кезеңде құда түсу,
қыз ұзату, келін түсіру рәсімдерінің қалай
өткендімен оқушыларды таныстыру. Ау-жар, аушадияр сияқты құз ұзату
кезінде айтылған фольклорлық мұраларымыздың болғандығын айту. Сыңсу
әнін қай кезде орындағанын айту. Беташар әнінің мәні мен мағынасына
түсінік беру.
Дамытушылы және тәрбиелік мақсаты.
Қазақтың ұлттық ойын түрлерін
талдай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, алғырлыққа, ептілікке баулу.
Оқушылардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуге деген сеніміне жігер беру.
Сабақтың
деректік материалдары
“Жар-жар” жырының қыз бен жігіттер тобының кезектесіп айтатын бір
нұсқасын Сырдария экспедициясы кезінде ХІХ ғасырдың соңында Ә.Диваев
Шымкент уезі, Ноғайқора болысының қазағы Еркімбек Ақынбековтан жазып
алып жариялаған.
Қара насар, қара насар,
Қара мақпал сәукеле, шашын басар, жар-жар-ау!
Мұнда
әкем қалды деп, қам жемегін, жар-жар-ау!
85
Жақсы болса қайын атаң орын басар, жар-жар-ау!
Ақ қоян қашар жоталап, жар-жар-ау!
Ақ
тайлақ өсер боталап, жар-жар-ау!
Неге мұнша жылайсың, жар-жар-ау!
Артыңнан інің барады, апалап, жар-жар-ау!
Көне “Беташар” жыры:
“Келін келді, көріңіз, көрімдігін беріңіз!
Беретұғын малыңның түсін айтып қойыңыз.
Нар берсеңіз, мая бер, үстіне кілем жая бер...
Жылқы
берсең биеден, кем болмасын түйеден...
Сиыр берсең қызылдан, шұбалаң құйрық ұзыннан.
Қой берсең, үлкен ағынан, егіз болсын қозысы,
Болмасын жалқы тағынан”
(Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Дүниеге келгеннен
озғанға дейін (отбасы лық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың еңбектері
бойынша. Алматы: “Арыс” баспасы. 2006. 56 б.)
Деректерді
оқи отырып, қазіргі кезде байырғы “тұрмыс-салт” жырлары
нұсқаларының қолданыстан шыққанын, қазіргі кездегі бұл жырлардың жаңа
нұсқаларының қолданыста екенін айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: