А диаминомонокарбон амин қышқылының иэt мәні қандай ортаға сәйкес келеді?



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі45,67 Kb.
#199575
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
физколоид сессия 2022


А) Диаминомонокарбон амин қышқылының ИЭT мәні қандай ортаға сәйкес келеді?
Диаминомонокарбон қышқылдарының құрамында екі амин тобы және бір карбоксил тобы бар.Оған жатады: аргинин: 10.8 ; лизин : 9.7. Еркін амин топтары бар аминқышқылдары басым болған жағдайда изоэлектрлік нүктенің мәні 7-ден үлкен, яғни ол сілтілі ортада болады.
Б) Темір (III) гидроксиді зольі бөлшектерінің заряды оң. Электролиттердің қайсысымен - KCl, Fe2(SO4)3, CaCl2, AlCl3 - осы ерітіндіге қатысты коагуляцияның ең аз шегі болады?
Жауабы: Берілген бөлшектер оң зарядқа ие болғандықтан, Шульц - Харди ережесі бойынша, зольдің коагуляциясы қарама-қарсы заряд белгісіне ие иондардан, яғни электролит аниондарынан (Cl- немесе SO42-) пайда болуы керек. Ал ион-коагулятор зарядының мәні неғұрлым көп болса, электролиттің коагуляциялық эффектісі соғұрлым күшті болады, ал коагуляция шегі төмен болады. Демек, коагуляцияның ең төменгі шегі Fe2 (SO4)3 болады, себебі сульфат ионының заряды хлорид ионының зарядынан жоғары.
В) ББЗ-ың әр түрлі белгілері бойынша жіктелуі. Мицелла түзуге қабілеттілік бойынша. Полярлы органикалық заттардың әсері.
Жауабы:
1) Epiгіштігі бойынша БАЗ-дарды үш топқа бөледі:1) суда жақсы еритін, ал полярсыз сұйықтықта еритін, мысалы, төменгі спирттер мен карбон қышқылдарында, аз еритін БАЗ- дар; 2) суда ерімейтін, бipaқ полярсыз сұйықтықта еритін, мысалы спирттер мен май қышқылдарының жоғарғы гомологтарында (көміртек атомдар саны > 20) жақсы ериді;3) суда да, полярсыз сұйықтықта да еритін БАЗ-даръ
2) БАЗ-дардың судағы ыдырауы бойынша жіктелуі. Өндірістік БАЗ-дарды көбінесе олардың судағы диссоцациясы бойынша жіктейді. Мұндай көрсеткіш бойынша БАЗ-дардың негізгі бес тобын ажыратады.
1)Аниондық БАЗ-дар. Аниондық БАЗ-дар суда диссоциацияланып, беттік-активті анион түзеді.Аниондық БАЗ-дардың құрамында-COO-, SO42-, PO43- полярлы топтары мен – Na+, K+, NH+4, Ca2+ Mg2+ қарсы иондары кездеседі. Натрий иондары БАЗ-дардың судағы ерігіштігін арттырады
2) Катиондық БАЗ-дар. Мұндай БАЗ-дар суда ыдырап, беттік-активті катиондар түзеді. Олардың алифаттық және ароматтық аминдер мен олардың тұздары, төртіншілік аммоний негіздері, пиридиний қосылыстары жатады. Катионды БАЗ-дарның негізгі бөлігін азотты қосылыстар құрайды. Сонымен қатар, фосфоний, сульфоний, сульфооксоний БАЗ-дары да кеңінен қолданылады.
3) Ионогенді емес БАЗ-дар суда диссоциацияланбайды. Анионды БАЗ-дардан кейін қолдану бойынша екінші орын алады (жалпы өндірудің 30%)..Ионогенді емес БАЗ-дардың маңызды тобы – этоксидтелген (этоксилденген) алифаттық спирттер, олар көптеген жуғыш заттардың құрамына кіреді. Екінші маңызды топ – май қышқылдарының этоксидтелген митил эфирлері.
4) Амфотерлі (амфолиттік) БАЗ-дар. Құрамында қышқылдық та, негіздік те топтары бар. Мұндай БАЗ-дардың қасиеті ерітіндінің рН көрсеткішіне тәуелді: рН<4 болғанда катиондық БАЗ-дарға сәйкес, ал рН>9 болғанда – аниондық БАЗ-дарға сәйкес диссоциацияланады; рН=4-9 аралығында диссоциацияланбайды. Яғни ионогенді емес БАЗ-дарға ұқсас болады. Бұл топқа аминқышқылдары, ақуыздар (белоктар) және табиғи БАЗ-дар жатады.
5) Цвиттер-ионды БАЗ-дар. Цвиттер-ионды БАЗ молекулаларының құрамында оң зарядты және теріс зарядты топтар бар. Цвиттер-ионды БАЗ-дар: амин қышқылдарының N-алкил туындылары, имидазолиндер. Цвиттер-ионды БАЗ-дар қасиеттері бойынша ионогенді және ионогенді емес беттік-активті заттардың арасында жатыр.
3)Фазаларды бөлу бетіне көрсететін физика-химиялық әсері бойынша БАЗ-дарды жіктеу.
Жұқтырғыштар мен көбік түзгіштер –сулы ерітінді –газ шекарасының беттік керілуін біркелкі өзгертетін БАЗ-дар (спирттер мен майлы қышқылдардың орта және жоғарғы гомологтары).
Диспергаторлар (дисперсиялағышткр) –кез келген фазфаралық шекарада (сұйық-газ, сұйық-қатты, сұйық-сұйық) адсорбцияланып, оның беттік керілуін елеулі азайтып, дененің беріктігін кемітеді.
Тұрақтандырғыштар- мұндай БАЗ-дардың адсорбциялық қабаттарының беріктігі жоғары болады, сондықтан олар эмульсиялар, көбірек және басқа дисперсті жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай қасиеттерге полярлы топтары көп жоғары молекулалы БАЗ-дар – ақуыздар, целлюлозаның туындылары, поливинил спирті ие.
Жуғыш БАЗ-дар –БАЗ-дардың жоғарыда айтылған барлық қасиетеріне ие. Сонымен қатар, белгілі жағдайларда мицелла түзгіш қабілеттілігі көрсетеді. Мицелла түзу жуу әрекетінің маңызды шарты, себебі органикалық ыластар мицеллаларда коллоидтық еруге ұшырайды (солюбилизденеді). 

4)БАЗ-дардың шығу тегі бойынша жіктелуі.
Бұл көрсеткіш бойынша беттік-активті заттарды синтетикалық және табиғи БАЗ-дар деп екіге бөлінеді.
Синтетикалық БАЗ-дарды мұнай-химиялық технологиялардың негізінде алады. Синтетикалық БАЗ-дардың негізгі топтарының бірі-жуғыш заттар.
Табиғи БАЗ-дар дегеніміз полярлы липидтер: гликолипидтер, фосфолипидтер және т.б. Олар биологиялық жүйелердегі жүретін коллоидтық –химиялық үдерістерде әртүрлі қызмет атқарады.
5)Мицелла түзгіш қасиеті бойынша жіктелуі. Барлық БАЗ-дар үшін қатты және сұйық беттерде адсорбцияланып, осы беттің беттік энергиясын азайту қасиеті тән. Сонымен қатар, көптеген БАЗ-ң тағы бір қасиеті әйгілі. Белгілі жағдайда (температура, концентрация) олар ерітіндіде ондаған немесе жүздеген БАЗ молекулалары, не иондарынан тұратын наноөлшемді агрегаттар түзеді. Мұндай агрегаттар мицеллалар деп аталады, ал мицелла түзгіш заттарды-мицеллярлы (мицеллалық) БАЗ-дар деп атайды.
Мицелла түзгіш БАЗ-дарды «коллоидтық БАЗ-дар» деп атайды. Мицелланы наноөлшемді дисперсті бөлшек ретінде қарастыруға болады. Оларға тізбектегі көміртек саны 10-20 аралығында болатын БАЗ-дар жатады. Физика-химиялық әрекеті бойынша мицеллалық БАЗ-дар жуғыш қасиеті бар БАз-дарға жатады.
Полярлы органикалық заттардың әсері. Полярды органикалық заттардың әсер ету сипаты олардың көмірсутек радикалының мөлшеріне байланысты. Бұл кезде, ұзын тізбекті майлы спирттер мицелла түзу критикалық концентрациясына төмендетеді, ал оның төмендеу дәрежесі спирттің молекулалық массасының жоғарылауымен жоғарылайды Сонымен бірге түзілген мицеллалардың мөлшері және беттік белсенді заттар ерітіндісінің тұтқырлығы жоғарылайды. Яғни аралас беттік белсенді заттар түзіледі. Оларда спирт молекулалары полярлық топты сулы фазаға айналдырып, беттік белсенді заттар молекулалары сияқты орналасады да, көмірсутек радикалы мицеллалар ядросына енеді. Мицелла бетінде электр зарядының тығыздығы төмендейді. Алкогольдің диссоциацияланбаған полярлық топтарының әсерінен беттік белсенді заттадың зарядталған полярлық топтары арасындағы электрлік күштері төмендейді. Бұл мицелла түзу критикалық концентрациясының төмендеуіне және мицеллалардың ұлғаюына әкелетін мицеллалардың пайда болуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет