Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет74/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
146 
Мұндайда ер қимылын арман шешеді. Ал ер арманы — ел болу. Бұл арман үшін 
анау ерлердің аянбай айқасатынына күмән келтіру күнә болар еді...» 
Жәнібек ханның құлағына қарт жыраудың даусы еміс-еміс келеді. Құлағы 
жырда, көңілі көп кешікпей басталатын қанды айқаста. 
Қарт жыраудың даусы әлі болдырмаған жүйріктің шабысы тәрізді. Біркелкі 
дүбір, біркелкі ұйтқу... 
Қарт ақын қарлыға толғайды. Ол қазір тоғыз батыр Едігені қуып келіп, Кен-
Жанбайдың Едігеге арнап айтқан жырын толғап отыр: 
«әй, Едіге, сен енді қайт сана!
Қайтып Еділ өт сана!
Еңсесі биік боз Орда 
Еңкейіп сәлем бер сана! 
Ерні жұқа сар аяқ 
Ер сарқытын іш сана. 
Жауырындары жақталы, 
Түйме бауы тартпалы 
Ал қара киім үстіңе 
Тон береді, ки сана. 
Көк ала жорға ат мініп, 
Көк дабылпаз байланып, 
Тұтам бауы сом алтын 
Ақ сұңқар құс береді
Көл айналып шүй сана!» 
Бұл кезде Нұра беткейіндегі батырлар қара шоғырланып топтанып қалған. Қос 
күзетудегі Қыпшақтың жүзге таяу жігіттерін ертіп Қобыландыға Қазтуған қосыл- 
ған. Ел басына күн туғанда жеке қалудың лажын таба алмай, Шалкиіз жырау- 
ды бас етіп, екі жүздей қасындағы нөкер, сойылшы, малшы жігіттерімен Темір би 
де келген. Жәнібектің өзге балалары, бастығы Қасым мен Керейдің батыр ұлдары, 
ең үлкені Бұрындық боп, хан аулының маңайындағы төлеңгіт, сарбаздарын жинап, 
бұлар да төбе басына шыққан. Қысқасы, хан кеңесін қорғамақ боп Нұраның 
Қаратұзы беткейінде бес жүзге таяу заматта қол жиналды. Енді бұлар шеп құрып 
жауды қалай қарсы алуды кеңесті. Барлығы Қамбар батырдың айтқанына көнетін 
болды. Мұндайда батыр сөзіне бағыну ежелгі салт, Қамбар батыр Майсары 
1
етіп 
Қыпшақ, Арғын жігіттерін, Маймене етіп Алшын, Дулат және өзге ру 
сойылшыларын тұрғызды. Өздері Шыңғыс ұрпақтары төлеңгіттерімен орта шепті 
алды. Келе жатқан жауға осылай үш мүйіз боп қарсы шабуды ұйғарды. 
Дәл осы сәтте солтүстік пен шығыстың нақ орта шенінен аспанға бұрқылдай 
көтерілген шаң шықты. Тағы бір сүт пісірімдей кез өткенде шаң астынан қалың 
қол көрінді. Енді аздан кейін жау селеуті де анықтала бастады. Желкілдеген кілең 
ақ сең сең бөрік, күнге шағылысқан көк құрыш найза суыт келеді. Қарқындары тау 
бұзардай. Олар, таяған сайын қиғаштай шаба, әскердің қос қанатын екі жаққа жая 
түсті. Әбілқайырдың атты әскерінің ежелгі тәсілі. Құшағын жайып кеп, жауын 
ортаға ап жан-жағынан кенет ат қояды. Жау әскерін қоршауға алады. Бұл темір 
1
М а й с а р ы, М а й м е н е — ханның оң жағында және сол жағында отыратын кеңесшілері. Ұрыс кезінде 
әскердің оң қолы, сол қолы. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
147 
қышқаштан құтылу екіталай. Әскердің қолбасшысы бастаған бір тобы кейін 
қалады. Ол өзіне ың¬айлы жерде тұрып ұрыс болып жатқан майданнан көзін 
алмайды. Қай тұста әскері азая бастаса, не күші құлдырап жеңілуге айналса, сол 
тұсқа қасында тың тұрған әскерден көмек жібереді. Бұл жолы да сол әдістеріне 
салмақ тәрізді! Шайх-Хайдар әскері қазақ батырлары тұрған жерге тағалана 
қоршай таяп келеді. Дәл осы кезде, Нұра беткейінде тұрған батырлар, келе жатқан 
жау әскерінің күншығыс және солтүстік бүйірінен бұларға қиғаштай тиіспек боп 
құйындай шапқан екі қолды көрді. Батырлар бірден түсінді. Мынау астындағы қос 
өркеш желмаялары бастарын төмен түсіріп жіберіп, күншығыс жақтан тайрақтай 
шапқан қол — бұл жауын аңдамай өткізіп алған, қалқан етіп шығыс жақтағы 
жолға қойылған Керей, Найман жауынгерлері. Ал солтүстік тұстан шұбатыла 
жөңкіген — алдында әрқашанда ер жүрек батыры оқшау келетін — бұл 
солтүстіктегі қалқа — Арғын, Қыпшақ қолы. «Жау келе жатыр!» деген хабарды 
естігеннен-ақ Қасым: «Хан кеңесі болып жатқан жерге тез жетсін» деп ат 
шаптырған. Жау жүрек екі қолдың тез жеткеніне беткейде тұрған батырлар 
қуанып қалды. Әлдекімдер «Уа, сәт!», «Ақсарбас, ақсарбас!» деп өзінің көтерілген 
көңіл күйін жасырмай ашық айтып жатыр. Күтпеген жерінен, арттарын ала, екі 
бүйірлерінен екі қолды көрген Шайх-Хайдар әскері «өзіміз қоршауға түсіп 
қалмайық» деген қауіппен кенет екі жаққа жайыла түскен қанаттарын жия қойды. 
Енді олар шашау шығармай, тобын жазбай, садақ оғы жететін жерге кеп, 
аттарының қарқынын басып сәл аяңдай жүріп шоғырлана тоқтады. Бұл кезде 
Шайх-Хайдар әскерін, бүйірлей қоршап Найман, Керей мен Арғын, Қыпшақ 
қолдары да батырлар тұрған төбеге жетті. Екі жақ әудем жерге кеп қарама-қарсы 
тұрды. Енді қазақ батырларының тобы емес, Шайх-Хайдар әскері қоршауда 
қалатын тәрізді. Күш қазақ жағында басым. Бірақ бірде-бір рет жауынан беті 
қайтып, тауы шағылып көрмеген «Хан әскері» кейін шегінетін түрі жоқ. Көк 
найзаларын қазақ жігіттерінің кеуделеріне бір сұқпай мауқы басылар емес. 
Кенет Шайх-Хайдар шебінен жал-құйрығы жерге төгілген, нардай ақал-теке 
арғымақ мінген, үстінде қара сауыты бар Қарашың батыр ойқастап ортаға шыға 
берді. Ол күндерде соғыс жүргізу тәсілі екі түрде болатын. Бірі жауын қапыда бас 
салу да, екіншісі қан майданда бетпе-бет кеп ашық ұрысу. Мұндай жағдайда ең 
алдымен жер белгіленіп, майдан ортасына батырлар жекпе-жек шығып ұрысады. 
Екі жақтан жекпе-жекке шыққан батырларға ешкім болыспайды. Қайсысының 
күші басым болса, сол жеңеді. Кейде жекпе-жек айқас екі жақтан батырлар 
табылғанша созылады. Кейде жекпе-жекке шыдай алмай, жаудың бір жағы ат 
қойып, ұрыс ашып жібереді. Бұл үлкен айып болып саналады. Артынан бітімге 
келгенде бұл кінә еске алынады. 
Қарашың батыр қара арғымағының үстіне анандайдан қара шыңдай боп майдан 
ортасына кеп, айбарлы үнмен айқай салды. 
— Шық бері жекпе-жекке! Жаныңнан безген қайсың барсың! 
— Мен бармын! 
— деді Қамбар батыр астындағы қара сирақ тұлпарын 
тебіне түсіп, алға қарай ұмтыла беріп. 
— Тоқта! — деп ақырып жіберді дәл осы сәтте шудалары жерге түскен аппақ 
бураның үстінде отырған Бұрындық. — Жол менікі! Аға тұрғанда іні алға шықпас 
болар! 
Аға бұйрығына іні көну — қазақтың көне салты. Қамбар батыр атын кенет 
тежеп тоқтай қалды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет