Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет97/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
192 
қаласына көшіріп, күндіз-түні Түркістан уәлиетінің қышлақтарын, егінші, малшы, 
кіші-гірім дихтарын шаба бастады. Бұны көрген Мұхамед-Шайбани хан «сендер 
үйтсеңдер, мен бүйтем» деп қалың әскерін Дәшті Қыпшаққа жіберіп, қазақ 
ауылдарын қырғынға ұшыратты. Екі жақтан да халықтың көз жасы қан боп ақты. 
Өрт алған қалалар, малдарынан айрылып құр жер шұқып қалған ауылдар, 
құлдыққа — күңдікке айдалған қыршын жастар. Ел басына шын тозақ енді 
орнады. Мұндай күйге ұшыраған қазақ ауылдары жаппай атқа мінді. Бір кезде 
жауға дес бермеген кәрі шалдар, қайтадан қолына найза ұстады. Бұрын тек ән-
күйді ғана паш еткен қазақтың жас арулары аға орнына садақ тартып жауға 
шықты. Бүкіл қазақ намысына шауып, ең аяғы алыстағы Алшын руларынан да 
топ-топ жігіттер келді. Осы кезде соңғы уақытта ұмытыла бастаған «Жалғыз көз» 
батырдың аты жерді жара қайтадан даланы тітіретті. Халық көтерілісінің басында 
енді Бұрындық та, Қасым да емес, осы халық ұлы «Жалғыз көз» батыр болды. Өзі 
жұрт көзіне көрінбесе де, оның құрған жасақтары жау шебіне қырғидай тиді. 
Халық жаралы жолбарыстай ақырып осылай жауына қарсы шыққан кезде, тағы 
бір суық хабар жетті. «Мұхамед-Шайбани хан мен Бұрындық хан ауыз жаласып 
бітімге келіпті. Соғысты тоқтатып қыз алысып, қыз берісетін болыпты» деген 
лақап бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін алып кетті. 
Бұл рас хабар еді. 
Мұхамед-Шайбанидың Бұрындықпен бітімге келуі тәсіл еді. Түркістан мен 
Мауреннахрды әбден өзіне бағындырып алғанша қазақтармен жауласу Мұхамед-
Шайбаниға тиімді емес-ті. Бір моғолдардың жаулығының өзі оған жететін. Ал 
Түркістан мен Мауреннахрды билеу — Мұхамед-Шайбанидың бер жағындағы 
ғана арманы. Айлакер ханның түпкі тілегі тіпті әрменде жатқан. Алдымен 
Түркістан мен Мауреннахрды алса, сосын Дәшті Қыпшақ пен Қорасанға қол 
созбақ. Бұларды бітіргеннен кейін Моғолстан, айдаһардың аузына өзі түскен 
көжектей, өзінен өзі келеді. Бүкіл шығысты билегенмен, атасы Әбілқайырдың Көк 
Ордасын қайта тұрғызу — оның шын көкейкесті мақсаты. Ал бұл арманға
жетудің жалғыз ғана жолы бар — жауыңның басын қостырмай, біріне бірін айдап 
салып, шетінен біртіндеп бағындыру. Міне осы себептен қазір Түркістан мен 
Мауреннахрды бауырына әбден басып алғанша Дәшті Қыпшақпен жауласпау 
керек. Асықпаса оның да кезегі келеді. Шарттың қаншалық құны бар екенін
Бұрындық хан сонда көрсін! әзірге тұлыпқа мөңіреген сиырдай, «Мұхамед-
Шайбанимен татуластым, ол маған тимейді» деп жүре берсін. Мұхамед-Шайбани 
сыры осы. Ал Бұрындық болса, басқаша ойлайды. Қазір бұл арада күшті екі хан 
бар, бірі Бұрындықтың өзі, екіншісі — Мұхамет-Шайбани. Біз екеуміз тату-тәтті 
тұрсақ, өзге хандар қарамыздан қорқатын болады. Оның үстіне Мұхамед-Шайбани 
тәрізді арыстан іспеттес ханмен жақындассам, қазақтың батырларының көмейіне 
құм құйылады. Әнеугідей Қасым жағына шықпайды. Қазақ рулары тек 
қорыққанын сыйлайды. Мұхамед-Шайбани секілді одақтасы бар ханнан қорықпай 
көрсінші! Керек десе, осы Мұхамед-Шайбанимен төс соғыстырған құда боламын. 
Сонда не істер екен Қасым мен оның серіктері! Осындай далбаса ойға келген 
Бұрындыққа шынында Мұхамед-Шайбани құда түсті. 
Ол әлі ешкімге айттырылмаған екі қызының бірін — қара көз Күлбаршын-
Сұлтан-Бикені Махмуд-Сұлтанға, Жауһар-Сұлтан-Бикені Мұхамед-Шайбанидың 
шешесі бөлек кіші інісі Мұхамед-Темір сұлтанға берді. Отыз күн ойынын, қырық 
күн тойын өткізіп, қалың көшпен бір қызын, Мұхамед-Шайбани өзінен тартып 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
193 
алған Сауранға, екіншісін Отырарға ұзатты. Бірақ бұл қуаныш кейін Бұрындыққа 
қайғыға айналды. 
Екі елді осыншама қан-жоса етіп бүлікке салып, мал-мүлкін талан-тараж етіп, 
ұл-қызын құлдық пен күңдікке айдатып, кеше қан майдан ашып ұрысқан екі 
ханның, бүгін елдің төгілген қанына, жерге тапталған ар-намысына қарамай оп-
оңай ауыз жаласып кеткені халыққа қорлау сынды көрінді. Әсіресе қазақ рулары 
бұлқан-талқан боп ашуланды. Жұрт кәрі-жасы қалмай жерін, суын, малын қорғап 
атқа мінгенінде, Бұрындық хан оларды алдап кеткендей болды. Сонау талан-
таражға түскен дүние-мүлік, төгілген көз жасы, — бәрі бірдей тек Бұрындықтың 
қыздарын Әбілқайыр ханның ұрпақтарына қатынға беру үшін істелгендей 
тәрізденді. Өздерінің көкейкесті тілегін, ата жауына сатып кеткені үшін халық 
Бұрындыққа түйіле қарады. Оның қаһарынан қорықпай, бізге бұндай адам хан 
болуға тиісті емес деп өктем-өктем сөйледі. Лепірген, қорланған, намыстанған 
жұрт, ақырында өзінің сүйікті батырлары Найман Қаптағай мен Алшын Оңайды 
Қасымға жіберді. «Не Бұрындықты елімізді шапқан, ұл-қызымызды құлдыққа, 
күңдікке тартып әкеткен қас-жауымызбен ауыз жаласуын тоқтатсын. Не хандығын 
тастатып өз жайына кеткізсін» деді. Халық ашуы қарғыстан да жаман... Дәшті 
Қыпшақ Ордасына түйілген бүліншіліктің тағы да бір қара бұлты шоғырлана 
түсті. 
Қазақтың көп аулын шауып, мал-мүлкін талап, бүкіл Дәшті Қыпшақ елін өзіне 
қарсы қойған Мұхамед-Шайбанимен дәл бүгін құда бола қалудың қауіпті екенін 
айтып Бұрындықты көндіре алмаған Қасым, келген батырларды тік тұрып қарсы 
алды. 
Ел-жұртымызды шауып, мал-мүлкімізді талап, бүкіл Дәшті Қыпшақ елін 
қорлаған Мұхамед-Шайбанимен Бұрындық ханның құда түскені бізді қорлағаны. 
Хан не қыздарын бермесін, не бізден кетсін, — деді халықтың сөзін сөйлеп қарт 
Қаптағай батыр. 
— Сонда сіздер ханның қыздарын бергеніне қарсысыздар ма, әлде бітім 
жасағанына қарсысыздар ма? 
— Екеуіне де қарсымыз. Хан халықтың көзі. Олай болса хан қыздарын ежелгі 
жауымызға бере алмаса керек-ті. Ал бітім жасайтын болса, Мұхамед-Шайбани хан 
талаған мал-мүлкімізді, құлдыққа, күңдікке әкеткен ұл-қызымызды қайтарсын. 
Хан лашкарларының сойыл-шоқпарынан күнәсізден күнәсіз қаза тапқан мейірбан 
ерлеріміздің құнын төлесін. Сонда бітімге отырамыз. Ал қыздарын Мұхамед-
Шайбанидың інілеріне қосып, бітімге келдім деп бізді қорламасын. Бұндай бітім 
бізге керек емес. Егер біз тілеген бітімге Мұхамед-Шайбаниды көндіре алмаса 
ерікті өзімізге берсін. Ақ найзаның ұшымен, қас батырдың күшімен ол кәззапты 
өзіміз көндіреміз. 
— Сонда тағы соғыспақсыңдар ма? 
Жаратылғалы соғысып келе жатқан жоқпыз ба? Бұрын ханға еріп соғыссақ, 
енді халық болып соғысамыз. Жеріміз, суымыз, намысымыз үшін бүкіл қазақ 
болып көтерілуге бармыз. 
— Хан бұл тілектеріңді қабылдамайды. 
— Онда ханды біз де қабылдамаймыз. Көшсін бұл арадан. 
— Қайда көшеді? 
— Құдасы Мұхамед-Шайбани жеріне. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет