158
Сурет -2 Білім алушылардың орындайтын тапсырмалары
Тиісті экологиялық білімді алу студенттерге өндірістік қызметте туындаған экологиялық
проблемаларды бағалауға көмектеседі, қоршаған ортаны жоғары деңгейде ұстау үдерісін басқаруда
белсенділік танытуға мүмкіндік береді. Жоғарыда атап өтілгендей, мұнай және газ өндірісінің
экологиясын кіріктіре оқыту тек өндірістің нәтижесінде туындайтын экологиялық мәселелерді
қарастыру ғана емес, сол өндіріс орындарында мүмкін болатын жарылыстарға жол бермеу, өндірісте
қолданылатын құрылғы мен жабдықтарды ұтымды түрде қолдану, сонымен қоса өндірістік қалдықты
қайта өңдеп, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсететін болады[5].
Кесте 1 – Органикалық химия курсы мен экология негіздерінің теориялық байланысы[4]
№
Экологиялық
материалдар
Органикалық химия курсына кіріктірелетін
материалдар
1
Экологиялық жүйелер. Биосфера және
ондағы биогеохимиялық айналымдар
Көмірсутектердің
оттекті,
азотты,
органикалық заттардың ыдырауы. С, N, O
көздері. Фотосинтез үдерісінің химиялық мәні
2
Табиғаттағы табиғи қорлар
Мұнай, газ, көмір, жанғыз сланецтер,
сарқылатын қорлар
3
Қоршаған ортаның факторлары және
олардың ағзаға әсері. Антропогендік-
өндірістік факторлар
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін табиғи
пайдаланудағы антропогендік факторлардың
әсері және өзгерістің химиялық сипаты
4
Организмдер
мен
экологиялық
факторлар
арасындағы
қарым-
қатынастарындағы
жалпы
заңдылықтар
Адам ағзасындағы дәрументердің маңызы,
оның қажетті мөлшерінің табиғаттағы қоректік
заттармен толтырылуы
5
Қоршаған орта сапасын бағалайтын
нормативтер
Органикалық
ластаушылардың
шекті
мөлшерлі
концентрациясы
(ПДК).
Улы
химикаттар туралы түсінік
6
Атмосфераға антропогендік әсердің
ығпалы және оны ластанудан қорғау
жолдары
Қышқыл жауындар,
озон тесігі, жылы жай
эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары.
Киот хаттамасы
7
Гидросфераға анторпогендік әсердің
ығпалы және оны ластанудан қорғау
жолдары
Судың органикалық ластаушылармен, фенол
және т.б. мұнай өнімдерімен ластануы
8
Литосфераға антропогендік әсердің
ығпалы және оны ластанудан қорғау
жолдары
Гумус-органикалық заттарды ыдырататын
микроорганизмдер
әсерінен пада болатын
өсімдік және жануар текті шірінділер
9
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңы». Өндірістік қалдықтар және
Қазақстандағы келесі өндірістер:
1.
Кальций карбиді;
159
оларды қайта өңдеу
2.
Мұнай-газ;
3.
Метанол
4.
Резинотехникалық заттар;
5.
Синтетикалық
талшықтар
және
целлюлоза өндірісі және олардың экологиялық
мәселелері
10
Экологиялық мониторинг. Қоршаған
ортаға келетін әсерді бағалау
Химиялық мониторинг мәселелері. Қоршаған
ортаның өте улы заттармен ластану деңгейін
анықтау
Сонымен қоса, кіріктіре оқытудың тәжірибелік тұжырымдамасын дамыту және
ерекшеліктерін айқындай түсу мақсатында бұл технологияны тек теориялық түрде
ғана оқытып
қоймай, жоғары оқу орнының іс-тәжірибесінде, мамандардың біліктілігін арттыру курстарында және
педогогикалық практика барысында кеңінен пайдалануға болады.Демек, мұнай және газ өндірісінің
экологиясын кіріктіре оқыту біз үшін тиімді болып табылады және оны төмендегі келтірілген білім
алушының меңгере алатын дағдыларынан-ақ көруге болады.
Кіріктіре оқытуды игеру нәтижесінде білім алушы:
мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы өндірістік қызметтің экологиялық салдарын
талдау және болжай алады;
экологиялық био-қорғаныс құралдарын қолдана алады;
қоршаған ортаны және жер қойнауын мұнай мен газ өндірісінің техногендік әсерінен
қорғау әдістерін қолдана алады.
Мұнай және газ өндірісінің экологиясын кіріктіре оқытуды игеру нәтижесінде студент
келесілерді біле алады:
мұнай және газ кен орындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын
жою тәсілдерін;
қоршаған ортаны мұнай-газ объектілері қалдықтарымен ластаудың негізгі көздері мен
деңгейін;
мұнай-газ саласының барлық салаларының қоршаған ортаға әсерін;
өндірістегі жер қойнауын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік ережелері,
ережелері мен нормаларын;
ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг, экологиялық бақылау және табиғатты
пайдалануды реттеу принциптері мен әдістерін[6].
Оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру – ең күрделі педагогикалық
үрдіс. Бұл өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген білім мен дағдылар мұғалімдердің де
білікті әрі тек
теориялық білімді ғана меңгерген емес, өндірістен хабары бар, экологиялық сауатты, пәнаралық
байланысты орната алатын кәсіби шебер болуын талап етеді.
Қорытындылай келе, органикалық қосылыстардың маңызды бөліктері мұнай және газ
өндірісінің экологиясын кіріктіре оқытуды қолданудың барлық аталған қиындықтарына қарамастан,
бұл әдістеме білім беру процесінің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді және қазірде бір-
бірімен тығыз байланысты пәндерді кіріктіре оқытудағы ерекше тәсіл болып табылады деп айтуға
болады. Дәстүрлі оқыту технологиясында жеке экология және жеке мұнай-газ ісі (немесе
органикалық химия) оқытылатын болса, ал кіріктіреоқытуды қолдану арқылы білім алушы осы екі
пәнді қоса меңгеріп шығады. Бұл оқыту технологияларының айқын артықшылығы болып табылады.
Барлық факторларды дұрыс ескере отырып, пәнаралық интеграция әдіснамасын қолдануға мүмкіндік
береді. Пәнаралық байланыс орната отырып білім беру алғашында қиын болғанмен, уақыт өте келе
оқытушы нақты кәсіби құзыреттілікке ие болады және бұл әдісті қолдану мұғалімнің өз кәсіби
білімін
шыңдап отыруына, өз пәнін өзге пәндермен байланыстыра отырып білім алушының жан-
жақты дамыған, кәсіби, бәсекеге қабілетті маман болып шығуына өз септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: