Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет209/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

ӘОЖ : 31.01.45 
 
ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ТРЕНИНГТІК ЖҮЙЕНІ ПАЙДАЛАНУ 
 
А.А.Жарылғап, Р.Г.Рыскалиева 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ-сы, Қазақстан
ayasylbek@mail.ru 
Аннотация: 
В данной статье рассматриваются преимущества использования тренинговой системы в 
обучении химии и вопросы вовлечеия учащихся в творческую работу по химии. 
Кілт сөздер:
тренингтік жүйе, бірлескен жұмыс, белсенділік, кері байланыс, дидактикалық тренинг, 
таным, ізденіс, коммуникативтік құралдар, рухани әлем, шығармашылық потенциал. 
Күн сайын қарыштап дамып келе жатқан ақпараттар ағыны ғасырында қазіргі кезде 
тренингтерден білім алу өзектілігі артып, әрбір білім іздеуші тренингтерге жүгінетін болды. Себебі, 
бүкіләлемдік эпидемиялық ахуал кезеңінде тренингтің дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Тренингтік 
жүйемен оқу үрдісінің дамуын 2020 жылдан басталған карантиндік тәртіп үдете түсті. Уақыт пен 
білім құнын бағамдай алатын тұлғалар жеке дамуларына инвестиция құю мақсатында сан алуан 
тренингтерге қатысып, қабілеттерін шыңдады. Сәйкесінше, түрлі бағдар бойынша онлайн форматта 
өткізілетін тренинг саны да артты. Заманға сәйкес тренингтердің формасы, мақсат – міндеті, 
аудиториясы әртүрлі болады және өзгеріп отырады. Әлеуметтік желілерде тренингтердің бизнес, 
менеджмент саласында көптеген мамандандырылған ресурстары саны да артуда[1, 131 б].
Білім берудің басқа формаларынан тренингтік жүйенің өзгешеліктері бар: 
1) лимитті мақсат қойылуы – оқытуда алдына нақты әрі ауқымы кішігірім мақсат қойылып, 
бар назар концентрациясы соған жету жолына жұмылдырылады. 
2) бір бағыттылығы – барлығы қамтылатын кең көлемді білім бермесе де, қандай да бір 
мәселенің жеке жақтары терең талданады. 
3) қолданбалылығы – алған білімнің қолданылу аясы басқа оқу форматтарына қарағанда 
әлдеқайде кең әрі практикалық маңызға ие [2, 24 б]. 
«Білім – шығармашылық ойлау – шығармашылық іс-әрекет» байланысы күрделі 
психологиялық-педагогикалық өзекті мәселе болып табылады. Білім беруде танымдық әрекеттер 
ойлауды қалыптастырады, ал ойлау жаңа білімді тудырады. Шығармашылық ойлау типі, пән 
мазмұнын жүйелі меңгерту, оқыту әдістемесі, құралдары мен формаларына сәйкес мұғалімнің 
басшылығымен баланың жеке танымдық әрекетіне байланысты қалыптасады. Оқу әрекетінің 
мақсаты, мотиві, пәндік мазмұны, әдіс-тәсілі, қорытындысы болады. Бұл барлық компоненттер өзара 
байланысты және өзара қамтамасыз етіледі
[3, 115 б]. 
Осы мәсеелерді зерттейотырып, мектеп оқушыларымен тренинтік жүйе бойынша сабақ өтуді 
жолға қойып, оның артықшылықтарына көз жеткіздік. Бұл тәжірибе Алматы қаласындағы 
мамандандырылған физика - математика мектебінің 9 сынып оқушылары арасында жүргізілді. 
Олардан тренингтік жүйені қалай түсінетіндері туралы сауалнама алғанда, мектеп оқушылары жеке 
қабілет - біліктерін дамыту мақсатында психолог – коучтар тренингтеріне қатысуды әдетке 
айналдырғандығы белгілі болды.
Оқушылардың оқуға ынталарын арттырып, жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылатын 
тренинтің ең негізгі түрі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренингте білім алушының жас 
ерекшеліктері және оның ойлау – даму деңгейі, қарым – қабілеті ескеріліп, соған сай құрастырылған 
материалдар мен жаттығулар жүргізілетін болады. Бұл тренинг түрін білім беру үрдісінде қолдану – 


188
оқушылардың сабақтың мазмұнын түсіну, тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындау қарқынын 
жоғарлатады. Дидактикалық тренингтің тағы бір ұтымды тұсы, тренинг барысында жадты жақсарту, 
сыни ойлау, өзара қарым – қатынас құру және қабылдау, сезіну процестері дами түседі [4, 11 б]. 
Осы мәселелерді қарастыра отырып, бір сыныпта сабақ дәстүрлі түрде жүргізілді, 
екінші сыныпта тренинг жүйесі қолданылып жүргізілді. «Азот топшасы» модуліндегі 
деңгейлік тапсырмалар білім беру стандартындағы оқушылардың даярлық деңгейіне 
қойылатын талаптарға сәйкес даярланды. Мысалы:
1)элементтердің атом құрлыстарының сұлбасын, элементтердің тотығу дәрежесі бойынша 
формулаларын, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру; 
2)азоттың және фосфордың периодтық жүйеде орны мен атом құрлыстарының 
ерекшеліктерін, осы элементтердің жоғары оксидтерінің қышқылдары мен тұздарының қасиеттерін, 
табиғаттағы айналымын және өндірістік маңызын сипаттау; 
3)азоттың және фосфордың сутекті және оттегі қосылыстарын, тұздарын атау; 
4)химиялық реакциялардың негізгі белгілерін көрсету, анықтау; 
5)азоттың және фосфордың қосылыстарының сандық және сапалық құрамын, 
қосылыстардағы азот пен фосфордың тотығу дәрежелерін және химиялық байланыстың түрлерін 
атау; 
6)элементтердің қосылыстарындағы массалық үлесін, берілген зат мөлшері бойынша зат 
массасын және мөлшерін, реакциядағы өзара әрекеттесуші немесе реакция нәтижесінде түзілген 
заттардың біреуін массасы (зат мөлшері) берілген жағдайда зат мөлшерін (массасын), біреуі артық 
берілген жағдайда әрекеттесуші заттарды, берілген мөлшері бойынша түзілген заттардың массасын, 
көлемін және зат мөлшерін, салыстырмалы тығыздығы бойынша газ тәрізді заттардың 
молекулалық формуласын есептей білу; 
7)техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тәжірибелер жасауға, жылыту аспаптарын, 
тыңайтқыштарды анықтауда зертханалық және газдарды алуға арналған құралдарды қолдана білу. 
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім 
қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру 
қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары ескеріледі Сабақта қолданылатын 
түрлі көрнекліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген 
материалдарды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын 
«үйретуге» бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. 
Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі 
оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. 
Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп 
мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт 
сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады[5, 28 б]. 
Ал тренинг жүйесін пайдалану басты назарды «процеске», яғни үйрену процесінің 
өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай» әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне аударады. 
Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, 
оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, 
алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен 
пікірлерін жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді, Басқаша сөзбен 
айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан 
кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі. 
Сол себепті де тренингтік оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын 
болуы керек: 
- бірлескен жұмыс; 
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту; 
- бастамашылдық; 
- кері байланыс жасау; 
- проблема шешу, шешім қабылдау. 
Тренингтік оқытуда барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір 
қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас 
жүргізуге, басқаларды тындауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. 


189
Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты 
табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі 
болып табылады[6, 29 б]. 
Білім беруде химия пәні бойынша оқу үрдісінде проблеманы шешудің түрлі жолдары 
бар, біз мақаламызда солардың кейбіреуін ғана сабақта қалай қолдануға болатындығына 
мысал келтірдік. Химия сабағында қойылған мақсат пен міндеттерді шешуде төмендегі 
құрылымдық-логикалық кезеңдерді ескерген жөн: 
1)тірек білімдерінің өзектілігі мен оқушының әрекет жолдары; 
2)проблемалық ситуацияны құру; 
3)оқу проблемасының дұрыс қойылуы; 
4)оқу пролемасын шешуде болжамды ұсыну, болжамды тексере отырып жоспар құру, 
қорытындышешімқабылдаудықалыптастыру. 
5)қабылданған шешімнің қолданылуы мен дұрыстығын дәлелдеу. 
Химия сабағында оқу проблемасының осындай шешу жолдарын қолдануға болады. Осындай 
сабақтарда оқушылардың білім деңгейлері, олардың интеллектуалдық дамуы мен проблемалық-
ізденіс әрекеттеріне деген ерекшеліктері ескеріледі. 
Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда 
үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтқан 
болатын. Сондықтан да оқушыларға өз ойларын ашық айтуға, тақырыпты қалай 
түсінгендерін сараптауға мүмкіндік берген кезде, олардың ішінен көшбасшыны да, сөйлеу, 
түсіндіру дағдысын меңгерген дарынды тұлғаны да анықтауға болады. С.Мирсейітова егер 
«сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым-қатынас, өзара әрекеттесу мен 
ынтымақтастық қалыптасып, оқушыларға өзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе, 
онда олар ешнәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды» деген 
ұйғарым жасап, әрі қарай былай деп жазады: «Мұндай сыныпта мұғалім қуаттаушы болып, 
таным процесін бағыттайды, олар өздерін үйренуші деп таниды, әр оқушының жеке 
тәжірибесі, әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады». Мұндай орта 
таным, ізденіс және еркін пікір алмасуға жағдай жасайды және әрбір үйренушіге өз білімі 
мен сыныптағы барлық оқушылардың біліміне жауапкершілікті жүктейтін, тіл және басқа да 
коммуникативтік құралдар бірлесе проблема шешу мен жаңа идеяларды зерттеу социумы 
болып табылады. Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің 
басты мақсаты - ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы 
бар адамның қалыптасуы мен дамуы үшін орта құру». 
Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялык климат құрылады, яғни 
оқушылар тобының (аудитория, сынып) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен 
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар 
жасалады. 
Оқушылар тек осындай жағдайда ғана оқу процесінде тиімді сипаталатындығын 
түсінуі керек. Жағымды психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда 
бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Химия сабақтарында тренингтік оқыту 
технологиясын пайдалану әр тиімді, әрі бүгінгі заман талаптарының қажеттілігін 
қанағаттандырады.
Сабаққа қойылатын өмір талабы мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім 
оқушы ізденісіне, пәнге қызығуына жол ашатындай іс-әрекеттерді таңдап алып, оқушыны 
шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үнемі баулап отыру керек. Сонда ғана шәкірттер шын 
мәнінде ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Жаңа педагогикалық
технологияларды сабақта жиірек қолданып отырса, білім сапасы да көтерілетіні 
сөзсіз.Мұндай сабақтар пәнді оңай игеруге, оқушылардың жалықпауына, ғылымды тереңірек 
меңгеруіне жол ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет