Қазақ фразеологизмдеріндегі антропонимдердің линговмәдени ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата23.09.2022
өлшемі200,52 Kb.
#150505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГОВМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тарихи тұлғалардың есімдері:
Абылай хан, Есім хан, Қасым хан, Есет
батыр, Аяз би, Майқы би, Мамай.
2)
Пайғамбарлардың, қасиетті пірлер мен əулиелердің есімдері:
Дəуіт,
Сүлеймен, Мұса, Қорқыт ата, Бекет ата, Ұмай ана, Бибі Фатима, Адам ата, Хауа ана.
Мифологиялық кейіпкерлердің есімдері:
Асан қайғы, Аплатон, Əзірет Əли,
Қыдыр ата.
3)
Фольклорлық кейіпкерлердің есімдері:
Атымтай жомарт, Қыз Жібек -
Төлеген, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Лəйлі - Мəжнүн, Шық бермес Шығайбай.
Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мəдени ақпараттық мəні басым бұл
атаулар тіл білімінде тіл мен əдебиет сабақтастығында қарастырылады. Халықпен
бірге туып, бірге жасап келе жатқан тілдің бай саласы фразеологизмдер құрамында
кездесетін тарихи тұлғалардың есімдері мен мифтік бейнелер де ұлт мəдениетін
дəйектейді.
Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мəдени-танымдық
қызметінің негізінде фразеологиялық жəне паремологиялық жүйеде тарихи есімдер,
пайғамбарларымыздың, қасиетті пірлер мен əулиелердің есімдері, мифтік бейнелер,
фольклорлық есімдер т.б. арқылы таңбаланып, халық жадында ұзақ сақталғанын
байқауға болады. Мысалы:
1)
Тарихи тұлғалардың есімедір:
Абылайдың [Абылай ханның] ақ үйі.
I. т і л д і к к о д. Соғыста Абылайдың
жеңілген елдің бітім сұрап, қол астына кепілдікке жіберген ақ үй аманаты. II. м ə д е
н и к о д. Өз аты – Əбілмансұр (1711-1781) – Орта жүз ханы, ұлы мемлекет
қайраткері, батыл қолбасшы, іскер дипломат. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары
Қазақ ордасының негізін салған Əз-Жəнібек, одан соң Еңсеген бойлы Ер Есім хан,
Салқам Жəңгір хан [3, б. 5].
Абылай хан сол кезде үш жүздің беделді ханы болғанда, оның ақ киіз үйінің өзі
киелі саналған. Содан адамдар халық алдында беделі зор, сыйлы жандардың үйлерін
қонақтағанда: «Үйіңіз Абылайдың ақ үйіндей екен», – деген екен [4, б. 13].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет