алыстауы мүмкін. 2) ауыс. адам тірісінде Мамай батыр тəрізді қанша мықты болса
да, өлгеннен соң мықтылық ұмыт болады, оның атына көрінген сөз келтіріп қорлауы
жəне мұндай жағдай кез келген адамның басында да болуы мүмкін дегенді білдіреді
[7, б. 452].
Абайдың басын берсін, Жамбылдың жасын берсін, Сəкеннің сəнін берсін,
Күлəштің əнін берсін…
Бар өнер, бар жақсылық өзіңе болсын. Бір жолдастың
шілдехана үстінде дүниеге келген сəбиге: «Абайдың басын берсін, Жамбылдың
жасын берсін, Махамбеттің тілін берсін, Құрманғазының күйін берсін, Ыбырайдың
күрегін берсін, Гагариннің жүрегін берсін!» – деп тілек айтқанын естідік [4, б. 13].
2)
Пайғамбарлардың, қасиетті пірлер мен əулиелердің есімдері:
Адам ата - Хауа ана.
Діни ұғым бойынша, Адам ата – дүниедегі бірінші ер,
Хауа – бірінші əйел (басқа сөздермен тіркесіп, атам заманғы деген мағынаны
білдіреді). Адамды топырақтан жаратты хақ, Надандығың білінсін бұл сөзге хақ,
Хауаға бұрын барған Адама ата, Есіткенің жоқ па еді мұны да ақымақ
(«Біржан-Сара» операсы) [4, б. 16].
Дəуіттің қоржынындай,
Сүлйеменнің жүзігіндей,
Мұсаның асасындай.
Дəуіт өте ұзақ жасаған, ақылы мен күші сай ерекше
жаратылған жан деп суреттеледі. Адамның өмірін, мінез-құлқын, табиғатын
реттеуші «қасиетті» діни кітаптар осы Дəуіт пайғамбар арқылы жаратылған.
Қасиетті кітап Дəуіттің қоржынында сақталғандықтан, халық бір нəрсені кие тұтып,
қадірлесе, «Дəуіттің қоржынындай» деп атап кеткен.
Сүлеймен патша – Дəуіттің ұлы, мейірімді, данышпан патша болған, желдің
бағытын, құстардың тілін білген, Алланың əмірімен оған жындар қызмет етіп, су
астынан асыл тастар жинаған. Су патшасы Сүлейменнің алты қырлы, жұлдыз
пішіндес «қолынан келмейтіні жоқ» сиқырлы жүзігі болыпты. Шайтан сиқыр жүзікті
алып қойып, Сүйлеймен сиқырынан ада болады.
Мұса пайғамбар – құранда айтылатын Алланың елшісі, «Бес кітапты» жазған.
Мұсаның таңғажайып асасы болған, соның құдіретімен 12 бұлақтың көзін ашып,
шөл даланы суға толтырған. «Мұсаның асасындай» деген тіркес қиюмен келмей,
орындалмай тұрған істің қиюласып, тез бітіп кетуіне байланысты туған [8, б. 164].
Бұл атауларға осы саладағы зерттеушілердің лингвомəдени жəне тарихи
деректерге негізделген еңбектеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады: діни ұғымдарда үш зат кереметке ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: