туының астына Алаш азаматын топтап, үш жүздің баласының басын біріктіріп
жатқан көрінеді (Ə.Нұрпейісов) [4, б. 13].
Абылайдың асына шаппағанда, Атаңның басына шабасың ба?
Абылай хан
дүниеден өткеннен кейін үш жүздің баласы бас қосып, үлкен ас беріліп, 40 атқа
бəйге тігілген. Тарихта ең ұлы ас осы болған, одан кейінгі астарда ешкім де 40 атқа
бəйге тігіп көрмеген. Бұл сөздің қазақ халқына кең тарағаны соншалық, нақыл
сөзден мақалған айналып кеткен [6, б. 150].
Қасым ханның қасқа жолы.
Қазақ халқының хандық дəуіріндегі əдет-ғұрыптық
заң ережелерінің жиынтығы. Бұл Қасым хан хандық құрған (1511-23) ел басқару
ісінде қолданылған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық
аумағын кеңейту барысында əдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Ол халықтың
көкейінен шыққан əрі ежелден келе жатқан билік дəстүрді, əдет-ғұрыптық
«жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым
ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII
ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598-1645) «Есім ханның ескі жолы»
деген жаңа атқа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: