Қазақ фразеологизмдеріндегі антропонимдердің линговмәдени ерекшеліктері


Бибібатпа [Бибісара] пірімнің қолы. Бибібатпаға сиынды. Бибі Батма пірім



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата23.09.2022
өлшемі200,52 Kb.
#150505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГОВМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бибібатпа [Бибісара] пірімнің қолы. Бибібатпаға сиынды. Бибі Батма пірім.
Ескі діни сенім бойынша, Бибі Батиманы (бұл сөз «Фатима» дегеннен шыққан)
əйелдердің пірі етіп тұтынған. Əйелдер тамаққа ас саларда: «Менің қолым емес,
Бибібəтиманың қолы», - деп айтатын болған [4, б. 23].
3)
Мифологиляық кейіпкерге байланысты есімдер:
Асан қайғыға түсті (салынды).
Уайым жеп отыр; күдер үзіп, торығып отыр.
Саған не болды; уайым жеп, Асан қайғыға түсесің де отырасың (ауызекі тіл) [4, б.
65].
Асан қайғыңды айтпай отыршы.
«Сары уайымыңды айта, тарта берме, қайғыға
салынба» деген мағынадағы тіркес. Қайдағы бір Асан қайғыңды айтпай отыршы
(Н.Төреқұлов) [4, б. 65].
Ақылы Аплатондай. Аплатондай білімі.
(Платон немесе Аплатон - гректің
белгілі ғалымы. Ескі əдебиетте «Аплатон» ақылдың, даналықтың өлшемі ретінде
алынатын болған). Жараспас насыбайға шақшасы жоқ, Жараспас қызға көпшік,
боқшасы жоқ. Ақылың Аплатондай болса дағы, Бұл күнде болыс болмас, ақшасы
жоқ (Мəделі қожа) [4, б. 37].
Сөз айттым Əзірет Əлі айдаһарсыз, Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз.
(Əзірет Əлі – Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, мұсылмандардың аты аңызға
айналған батыры. Ол қайтыс болған соң исламда оның бейнесі аңыз-əпсанаға айнала
бастады). Көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарлардың дін
таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым əуестігін, «бізде жоқ»
алтын иек, сары ала қыз дегенде, жеке ақындардың жылтырақ сөздерге əуестігін
мысқылдаған [11, б. 56].
Əзірет Əлі.
I. т і л д і к к о д. Ұлы мəртебелі, «нағыз əулие» Əлі. II. м ə д е н и к о
д. Əлі-Əбі-л-Хасан əл-Мұртаза (661 ж. қайтыс болды) – ислам дініндегі «əділ
халифтердің» төртіншісі жəне соңғысы, Мұхаммед пайғамбардың немере інісі əрі
күйеу баласы, қазақтардың арасында Əзірет Əлі (Ғазіреті Ғали, Əзіреті Əлі)
тұлғасында аталып, үлкен құрмет білдіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет