18билет
1.
Кеңес одағында 1985-1991 жылдар "қайта құру" кезеңі болып тарихқа енді жəне оның белгілері төмендегідей:
Əлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату жəне
жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;
Қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы
сатысына дейін Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
Елде жариялылықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін,
пікір-
тұжырымдарын,
ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.
2.
1917 жылғы
26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық
делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390
адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш
бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл
билік
демократияға
берілсін»
деген əсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.
[1]
.Дəл
осының өзі
большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге
қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы
өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат жəне
шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске
жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат жəне шаруа
депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тəрізді «Ресейде қоныстанған барлық
ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса
маңызды болды.
[2]
.
Съездің Бейбітшілік және
Жер
туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған
халықтың басым көпшілігінің жаңа
биілікті бірден қолдап
шығуын қамтамасыз етті.
3.
Қасым ханның сыртқы саясаты, Қасым ханның Қазақ хандығын билеп тұрған кезінде Моғолстанмен қарым
-
қатынас,
достық
-
одақтық негізде қалыптасты, 16 ғ басында қазақ ханы Қасым ханның сыртқы саясатының басты
бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды, Қасым ханның билігі қырғыздарға
жүрген жоқ, Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге
ұмтылды, Сөйтіп Қазақ хандығының Сырдария бойындағы шұрайлы жерлер мен қалаларға билік жүргізуіне бөгет
жасады, Шайбани хан 1503, 1505, 1506 жылдары, қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады, 1510 жылы
Шайбани хан Қасымға
қарсы тағы бір шапқыншылық жасады,
бірақ Шайбани жеңіліс тапты, 1510 жылдың
қысында Шайбани хан Мерв түбінде бірінші Исмаилмен шайқаста
қаза тапты, Қасым хан Мұхаммед Хайдардың
деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс болған
Достарыңызбен бөлісу: