70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің
бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені,
оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі
буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар
көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық жəне дүмшелік пен цифрлардан,
алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнəрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да,
адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда,
əсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
3. Шaйбани əулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. улеттің негізін
салушы Əбілхайыр ханның немересі, шаї Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы
үшін болған соғыста қазақ жəне ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500
жылы Мауераннахр мен Хорасанды басып алып, өз билігін орнатты. Бірақ 1510
жылы Иран шаїы Сефеви əулетінен шыққан Исмаил Қ оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері
Кучкуни хан (1510 — 30) өліп, оның ұлы Абусаидтың (1530 — 33) билігінен кейін мемлекет басына
немересі Убайдулла хан (1533 — 39) келді. Шaйбани əулетінің билеушілері өздерін Темір əулетінің мұрагерлері
деп есептеді. Əулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан ҚҚ болды. Оның қаза табуы жəне баласы Абдал
Муминнің өлтірілуімен Шайбани əулеті биліктен кетті. Оның соңғы өкілі Пір Мұхаммед ҚҚ-нің өзі де билік үшін
қырқысу соғысында қаза тапты. 1599 жылы билікке Аштархан əулеті келді. Бұл Жошының Орда деген баласынан
тарайтын жəне шешесі жағынан Шайбани əулетімен байланысатын жаңа өзбек əулеті еді