21билет
1.
Бұл кезеңнің рухани мəдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, монғол жəне ислам мəдениеті
дəстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол
негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазбаша
(қолжазба-кітаби) əдебиет жəне музыкалық-поэтикалық өнер трінде болып, дамып отырған.
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мəдениетінің негізгі
бөлігі болды. Оның ежелден келе жатқан жəне тамыры терең дəстүрлері бар. Рулық құрылыс пен Түрік қағанаты
дəуірінде пайда болған көптеген фольклорлық сюжеттер феодалдық қоғам жағдайларының өзінде-ақ одан əрі
жетілдіріле береді. Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз-əңгімелер кең таралды,
олардың бір бөлігі жаңартылып, өзгертіліп отырды, ал басқа бір бөлігі басқа жанрлардың құрамына кірді, не бəз-
баяғы күйінде жасай берді.
Ертедегі туындылармен қатар, сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған
оқиғалар туралы, оларға белсене қатысып, жалпы алғанда Шыңғыс ұрпақтары, жекелеп алғанда Жошы ұрпақтары
мемлекетінің одан əрі өмір сүруінде тағдырлы рөл атқарған жеке адамдар туралы эпикалық жаңа туындылар
жасалды.
Мифтерде алғашқы адамдар мен жануарлардың жарық дүниеге қалай келгені,
таулардың, көлдердің, өзендердің
жəне басқа да Жер объектілерінің қалай пайда болғаны туралы да баяндалды, хайуандардың түрі,
мінез-құлқы
неліктен сондай екені түсіндірілді. Рулар мен тайпалардың мифтік тарихы да баяндалып, олардың генеалогиясын
жануарлармен, тотемдік бабалармен байланыстарға апарып тірейді. Бұл мифтердің бəрі өзінше бір “танымдық-
ақпараттық” міндет атқарады жəне дүниенің құрылысын, табиғат құбылыстарын, адамның іс-əрекеттері мен
хайуандардың қылықтарын аңғалдықпен, кейде теріс түсіндірді. Сонымен бірге монотеистік ислам діні
ықпалының артуына байланысты ертедегі мифология ыдырай берді. Ислам діні жағдайында бұрынға нанымдар
күпірлік деп жарияланып,
қуғынға салынды, соның салдарынан көптеген көне мифтер жүйеге түсіріліп жəне
фольклорлық циклге енгізіліп үлгірмеді. Олар бұзылып, басқа жанрларға айнала бастады,
бұл орайда өзінің
танымдық міндетін толық жоғалтқан жоқ. Бұл мифтер көркемдік міндеті басым сындарлы жүйе құрған жоқ, мұның
өзі ертедегі құл иеленушілік мемлекеттердің мифологиясына тəн болатын.
2.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Əбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші
болды. Əбілқайыр ханның мақсаттары:Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.Петер-
бург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс,
Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.Қазақ жері арқылы өтетін керу-
ен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс
орнату. Кіші жүз ақсүйектері мен Əбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының
тілмəші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.
1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Əбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері ара-
сында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі
шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
3.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған,
едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Үйсіндер шаруашылығы.
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дəн дақылдары салынған
ыдыс-аяқтар, дəнүккіштер тас кетпендер табылуы дəлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан,
кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар,
кедейлер болған. Əскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-
суға тараған.
Достарыңызбен бөлісу: