5билет
1.
Азамат соғысы – деп бір мемлекет ішіндегі азаматтардың билік үшін күресін айтамыз.
Бұл азамат соғысы
уақытша үкімет пен кеңес үкіметін жақтаушылар арасында болды. Ең алдымен 1918 жылы мамырда Чехословак
корпусының бүлік шығаруымен басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен
Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталып, олар ақ гвардияшылармен бірігіп кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918
жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.
1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді. 1918
жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен
жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ
казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып,
коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп
мобилизациялай бастады.Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам
мобилизацияланды.Əскери бөлімдерді кұру барысында Ə. Жангелдин (Қала əскер комиссары), А. Иманов (Торғай
əскер комиссары), Б. Қаратаев (атты əскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А.
Розыбакиев, А.
Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.
2.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана”
халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар
молдаларын білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. ХІХ-ХХ ғ.ғ. бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі
екі: діни жəне зайырлы бағытта жүргізілді. 1917 жылы Қазақстан аумағында 100 ге тарта ғана жаңа əдістемелік
мектеп бар еді. 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір жəне Неплюев кадет
корпусына айналды. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы –Ш.Уəлиханов бітірді. 1841 жылы Бөкей
хандығында Жəңгір хан ның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Қазақстанды өнеркəсіптік
тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті.
Сондықтан да
1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен
аудармашылар даярланды, орыс тарихы,
математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері
оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.1861 жылы Троицкіде,
басқа да қалаларда орыс-
қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы əкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін жəне қоныс
аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы
оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды.
Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ
ақы төлеп оқуға құқықты болды. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай
облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор
қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол
мектептің ашылуына Ыбырай
Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері
ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім жəне қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде
бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891
жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай жəне басқа
қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. 1865
жылы қазақ өлкесін шаруашылық тұрғысынан игеру қажеттігінің тууына байлансыт жергілікті əкімшілік алғашқы
қазақ мектебін ашты. 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды, онда Ə.Бөкейханов білім алды.
3.
Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды. Андрон тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау
дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастыра мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан
түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартасқа салынған. Андрондықтар мал өсірудің жаңа тəсілдерін қарастыра
бастады. Осыған байланысты мал өсірудің жайлаулық тəсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы дүниеге
келді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы деп –қыста-қыстауға, көктемде-көктеуге, жазда-жайлауға, күзде-
күзеуге көшіп-қонып отыратын мал шаруашылығының түрін айтамыз. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал
шаруашылығына байланысты малдың құрамы өзгерді.
Ірі қара азайып, ал жылқы мен қойдың саны көбейді. Олар
негізінен бидай, қарабидай жəне тары өсірді. Бұған дəлел ретінде елді мекендерді қазып зерттеген кезде табылған
қыстырма орақтар мен ішінде тарыдан жасалған күйген ботқасы бар қыш ыдыстарды келтіруге болады. Олар жерді
басына тас немесе мүйіз орнатылған тесемен қопсытып, өңдеді. Сондықтан мұндай кəсіп «теселі егіншілік» деп
аталды. Қола дəуірінде мол өнімнің белгісі болып саналған ең маңызды мейрам - алғаш жерге соқа салу рəсімі
болды. Мұндай жағдайда алғаш соқа салу құрметі патшаға берілген. Олар астықты орақпен орды. Сондай-ақ,
қысқа арнап малға пішенді де орақпен орып дайындады. Қола дəуірінің соңына қарай қола жəне мыс орақтар
кеңінен пайдаланылды. Олар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка,
Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік
Қазақстандағы Степняк қонысында жəне Жетісу жерінен табылған. Көкшетау жерінде зерттелген
Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мəдениетінің ең
негізгі сипаты еді. Тарақ тəрізді немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пештерде
күйдірілген. Ыдыстар əр алуан пішінде жасалған. Қола дəуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі
– көзе құмыралар жасау өнері.