Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006



бет253/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.


ЕГЕМЕНДІК (француз – souverainete немесе souveranitat – жоғары билік) – мемлекет пен биліктің негізгі сипаттамасы. Е. мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси іс-әрекетінің тиісті формаларында көрінетін мемле- кеттік биліктің тәуелсіздігі мен үстемдігі. Суверенитет терминін алғаш рет мемлекеттік-құқықтық мағынада XVI ғасырда француз ғалымы Ж. Боден енгізді. Оның пікірінше, «Е. – бұл мемлекеттің абсолютті және тұрақты билігі». Саяси Е. идеясының қалыптасуы Батыс Еуропада ұлттық-тәуелсіз, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болу үдерісімен сай келеді. Мұнда Е. шіркеуден, басқа мемлекеттен және биліктің басқа орталықта- рынан тәуелсіздікті белгілейтін қасиет. Е. мемлекет идеологиясы – жоғары феодал-билеуші-сеньордың үстемдігі туралы ортағасырлық түсінікке қар- сы қойылды. Н. Макиавелли түсіндірмесінде егеменді билік бүкіл билік ретінде көрінеді. Жаңа заманда феодалдық монархтың жеке билігінің сая- си егемендігі мемлекеттің, кейін халықтың (Дж. Локк, Б. Спиноза, Жан- Жак Руссо) үлесіне өтеді. Е. ең алдымен мемлекттің өз қызметін жүзеге асыруда іске асады. Е. мемлекеттің құқық жүйесінде көрінеді. Мемле-кеттің құқықтық өкілеттілігі мемлекеттік егеменділіктің шынайы іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Е-гі халықаралық қатынастарда тәуелсіз, яғни халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде әрекет етуін айқын- дайды. Мемлекеттердің егеменді теңдігі БҰҰ жарғысында бекітілген. Еге- менді теңдік қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттарының бірі. Т. Гоббс теориясында Е. мемлекеттің өз азаматтарына деген билігінің абсолюттілігін білдіреді. Бірақ бір адамның бүкіл билігі мемлекеттік заңның бүкіл билігіне біртіндеп орын береді. Б. Спиноза мен Г. Гроций саяси Е-лік ұғымын мемлекеттіліктің сапалы сипаттамасына қатысты көрсетеді.
Қазақстан Е-гі 1991 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз елдің қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет