Негізгі еңбектері: «Грехи, почитание героев и героическое в истории».
КАРМА (санскрит. – әрекет) – көне үнді діні мен философиясындағы таным. К. танымы бойынша тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы жә- не жаман әрекетінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры шешіледі. К. бойынша өткендегі әрекеті бүгінгіге, бүгінгісі келешектегісіне ықпал жасайды деп тұжырымдалады.
КАРНАП Рудольф (18.05.1891 – 16.09.1970) – неміс-американдық философ және логик, логикалық позитивизмнің жетекші өкілінің бірі. Шығармашылық қызметінің алғашқы кезеңінде (XX ғ. отызыншы жыл- дарына дейін) Веналық үйірмесі белсенді қатынасып, логикалық эмпиризм идеяларын (физикализм және т. б.) дамытуға атсалысады. Екінші кезеңінде (1963 ж. дейін) ол ғылым логикасы мәселелерімен айналысып, ғылым тілін талдауға математикалық логика аппаратын қолдануға баса мән беріп, логикалық синтаксис теориясын дамытады. Бұл тұрғыдан ғылым логикасы сөйлемдер, ұғымдар, теориялар арасындағы таза синтаксистік бай- ланыстарды талдаумен айналысады, ал реалдық объектілердің табиғаты, олардың ғылым тілінің сөйлемдеріне қатынасы туралы сұрақтар мүлде тыс қалдырылады, мұндай сұрақтарды ғылыми тұрғыда талқылау мүмкін емес деп санайды. Үшінші кезеңінде «ғылымның унификацияланған тілін» құрумен айналыса жүріп, таза синтаксистік қарастырудың жеткіліксіздігін, ғылыми тіл мен ол суреттейтін пәндік арналардың арасындағы қатынасты ескеру қажеттілігі туралы қорытындыға келеді. К. индіктивтік логиканы ықтималдылық логика ретінде түсіндіріп, индуктивтік қорытындылардың формалдыланған теориясын құрады, семантикалық ақпарат теориясын жасақтаумен айналысады. К-тың алған кейбір нәтижелері кибернетика бойынша зерттеулерде қолданыс табады. Оның орыс тіліне аударылған негізгі еңбектері: Значение и необходимость. – М., 1959; Философские основания физики. Введение в философию науки. – М., 1971. Осы соңғы еңбегінен қомақты үзінді қазақшаға аударылған // Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006. – 93–151 бб.