КАРСАВИН Лев Платонович (1882–1952) – орыстың діни философы және тарихшысы. Ежелгі христиандық Оригеннің іліміне, ІІ–VІІІ ғ.ғ. теологиялық, философиялық, саяси-әлеуметтік ілімдеріне және патристика өкілдерінің ілімдеріне сүйене отырып христиандық дүниетанымның бір- тұтас жүйесін жасауға тырысты. Ол В.С. Соловьевтың барлығының біртұ- тастығы (всеединство) қағидасын, үшеуінің біртұтастығы қағидасымен алмастырды. Бұл қағида бойынша, тарихи үдеріс үшеудің біртұтастығын қалыптастырады, «болмыстың өсуіне» мүмкіндік жасайды және оны жүзеге асырады. Ол Гегельдің «триадасы» секілді, этикада, гносеологияда, тұлға туралы ілімінде метафизикалық жүйе құруға талпынды. Ол ортағасырдың рухани мәдениетінің тарихына байланысты біраз еңбектер жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |